• 28 ноября, 2024 3:39 пп

Шымкент қаласы: Бозарықта біткен істер көп

Автор:admin

Окт 12, 2023

2024 жылы Бозарық шағынауданына ауыз су мен көгілдір отын тарту жұмысы аяқталады. Қаратау ауданына қарасты «Бозарық» шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Қала әкімдігінің жауапты сала басшылары нысан басына арнайы барып, бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді. Мұнда 1,4 шақырым электр желісі, 1,2 шақырым газ, 1,3 шақырым ауыз су құбырлары, сонымен қатар 0,8 шақырым кәріз жүйесі тартылуда. Қазірге дейін барлық жұмыстардың 30% орындалды. Келесі жылы ауыз мен көгілдір отын тарту жұмысы толық аяқталады деген жоспра бар. Сонымен қатар 2020 жылы басталған жолдардың құрылысы 50%-ға салынып, қалған жұмыстың жартысы келесі жылы толығымен бітеді. Тексеру барысында мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапасы сын көтеретіндей болсын дегенді қайталап айтқан қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері жауапты басқарма басшыларынан шаһарда салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін де талап етті. Айта кетейік, шаһарымыздың инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың әл-ауқатын жақсарту керек екенін айтып келеді. Осыған байланысты жергілікті әкімдік өкілдері барынша тұрғындардың арыз-шағымын ескеріп, оларға жайлы жағдай жасауды басты назарға алған. Егер үй материалдары мен құрылыс жұмыстары сапалы болса, онда тұратын халық біразға дейін шығын шығармайды. Нәтижесінде ел азаматтарның әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.Осыны ескерген шаһар басшысы жауапты басқарма басшыларына қалада салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеу қажеттігін де тілге тиек етті. Жалпы, Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарына кіреді. 2020 жылы 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 миллион шаршы метрге дейін жетті. Шымкент қалалық құрылыс басқармасы ұсынған ақпараттарға сәйкес, жыл соңына дейін 173,3 мың шаршы метр құрайтын жалпы саны 2084 пәтердің құрылысын жүргізу жоспарланған.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin