• 28 октября, 2024 4:32 пп

Шымкент қаласының Абай ауданының орталық көшелерінің тазалық жұмыстары күшейтілді

Автор:admin

Окт 15, 2023

    Шымкент қаласының орталығынан шалғайда орналасқан елді мекендерді дамыту мәселесі күннің өзекті тақырыбынан түскен емес. Әрі әрқашан Шымкент қаласының атқарушы билігінің басты назарында.   Бүгінде шеткі шағынаудандардың инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешілу үстінде. Қасым-Жомарт Кемелұлының осы жылғы жолдауының алғышартында тұрғындардың өмір сүруіне жайлы орта қалыптастыру аясында берген тапсырмасы аясында бүгінде мегаполисте бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Шымкент қаласы – әлемдегі ең үздік қалалардың бірі болуға лайықты. Дүниежүзінде үздік қалалар рейтингін шығарарда басты 6 қағиданы ұстанады. Қаланың орны, инфрақұрылымы, мәдениеті, халқы, даму деңгейі және танымалдылығы сынға түседі екен. Шымкент – ежелден тоғыз жолдың торабында орналасқан, инфрақұрылымы сауда-саттыққа ыңғайлы, демографиясы жағынан еліміздегі көш бастап тұрған, мәдениеті озық қала екеніне дау жоқ. Тек қаламыздың әрбір тұрғыны шаһарды өз шаңырағындай көріп, оның тазалығына, дамуына, көркеюіне шынайы жүрекпен атсалыса білсе болды, біздің алмайтын қамалымыз жоқ. Туған жерімізге деген шексіз сүйіспеншіліктің арқасында еліміздің үшінші қаласы ретінде ойып тұрып орын алатын Шымкенттің бүгінгі келбетін дамытуға қосып жатқан үлесімізді ойласақ, өзіміді бақытты сезінуіиіз қажет. Себебі қаланың даму динамикасына оң серпін беріп, оның тазалығына әрқашан өз үлесімізді қосып жүруіміз қажет. Соның шаһарымыздың Абай ауданы аумағында қалалық маңызы бар 9 көше орналасқан.  Қазіргі уақытта аталған әр көшеде тәулігіне шамамен10 мыңнан астам көлік қатынауда.  Соның бірі жалпы ұзындығы 7,1 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі. Аталған көше Түркістан бағытына қатынайтын негізгі көшелердің біріне айналып отыр.  Күнделікті он мыңдаған көлік қатынайтын көшенің санитарлық тазалық жұмыстары жандандырылып, арнайы мекемелер мен мердігер мекемелердің жұмысшылары жұмылдырылды.  Санитарлық тазалау жұмыстары барысында жол жиектері мен ирригациялық жүйелер тазаланып, шөп ору және ағаш бұталарын қырқу жұмыстары жүргізілді.  Сонымен қатар, заңсыз жарнамалар ретке келтіріліп, ретсіз сауда орындары жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар Темірлан тас жолы бойында жалғасын тапты. Аталған жұмыстар тиісті мекемелердің бақылауына алынып, дер кезінде қадағалануда.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin