• 28 октября, 2024 4:25 пп

Шымкент қаласы: «Асар-2» де атқарылған жұмыстар аз емес

Автор:admin

Окт 15, 2023

«Қазақтың бір ғана Отаны бар. Ол – Қазақстан». Егемендік алғалы осы ұран еліміздің ажырамас бөлігіне айналған. Тұғырлы Тәуелсіздіктің ең үлкен жетістіктерінің бірі – қандастарымыздың елге оралуы. Жылдар бойы туған жерінен жырақта жүріп, елін аңсап келген халыққа құшағын кең жайып, жағдайын жасаған Қазақстанға олардың айтар алғысы шексіз. 15 жыл бұрын сондай Ұлы көштің бірі Шымқаладағы Асар шағынауданынан қоныс тепкен болатын. Тағдырдың тәлкегімен шет ел асып, өзге мемлекетті паналауға мәжбүр болған қандастарымызды атажұрт – Қазақстанға шақыру Тәуелсіздік алған жылдардағы ең ауқымды бастамалардың бірі болды. Бүгінге дейін қазақтың миллионнан астам баласы елге оралған. Бұл бағытта үшінші мегаполисте де көптеген шаралар жүзеге асты. Қандастар көптеп шоғырланған «Асар-2» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 156,1 км құрайтын ішкі орамдық жүйелерінің құрылыс жұмыстары бүгінде айяқталып, ел игілігін көріп отыр. Көмешбұлақ магистралды су құбырына қосылып ауыз су тұрғындарға толық берілген дейді Шымкент қаласының әкімдігі. Ал электр желілеріне келер болсақ 87,2 км желі, 1 дана РП және 24 дана КТП орнатылды. Сондай-ақ, 220 кв “Бозарық” подстанциясынан жаңадан соғылған 110 кв 1-М-1 подстанциясына қосу жұмыстары жүргізіліп, б.гінде шағын аудан сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілген. Тағы да инфрақұрылымның басты бағыты табиғи газ беру мәселесі. Бұл орайда Шымкент қаласының әкімдігінің бастамасымен 50,4 км құрайтын ішкі орамдық жүйлерінің құрылыс жұмыстары басталып, бүгінде толығымен аяқталған. Асар-2» ш/а кәріз жүйелерімен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бүгінде әр үйге кәріз құбырлары кірген. Асар-2 шағын ауданы ағымдағы жылы 19 км жолдарға шағал тас төселінді. Ендігі 2024 жылы асфальт жабындыларын орнату басталмақ. Қазіргі таңда, Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан Асар-2 шағын ауданы 138 ЖОМ маңында салынып жатқан заманауи спорт алаңшасының құрылысы қараша айының соңында аяқталады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін көп салалы балалар ойын алаңшасы да салынатын болады. Міне осының барлығы ел игілігі үшін атқарылып жатқан тындырымды тірліктердің басы ғана. Шымкент қаласының әкімдігі шалғай аудандарды дамыту үшін аянып қалған емес. Оған куә аталмыш «Асар-2» шағын ауданының инфрақұрылым желілерімен толықтай қамтылуында.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin