• 28 октября, 2024 8:26 пп

Шымкент қаласының шалғай аудандарының жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүруде

Автор:admin

Окт 18, 2023

Биыл Шымкент қаласында жалпы бюджеттен автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында 25,7 млрд теңге қаралған. Оған 259 нысан немесе 416 шақырым жол мен көшеге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 310 шақырымы осы жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, қала аумағындағы топырақ жолдың мәселесін шешу мақсатында 112 шақырым жолға шағал тас төселеді. Бірінші кезекте шағал тас жолдарға асфальт төсеуге және магистралды көшелердегі жолаушылар ағыны көп, көлік кептелісі жиі орын алатын тұстарда асфальт жабынын қалпына келтіруге басымдылық берілген. Атап айтқанда, Республика даңғылы, Түркістан, Ә.Жангельдин, Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров, Ю. Гагарин, Т.Рысқұлов, Қ.Рысқұлбеков, Анаров, Ә.Тәжібаев, Қапал батыр, Төле би, Ш.Ерманов, И.Тайманұлы, Сырым батыр, М.Бөлешов, О.Жандосов, Жібек жолы, Ж.Аймауытов,  Ж.Адырбеков, Құрманбеков, А.Байтұрсынов, Қ.Қазиев көшелері мен №1 автомобиль жолы және Ордабасы алаңында орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Айта өтсек, Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  2 977 шақырымды құрайды. Оның ішінде, асфальт-бетонды – 1 758 (59,1%), шағал тас – 1 107, (37,2%), топырақ – 112 шпқырым. (3,7%). Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру және сапалы жол салу мақсатында, қалаға қосылған тұрғын алаптардың ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Қазір Еңбекші ауданындағы Базарқақпа тұрғын алабының бірқатар көшелеріне асфальт төселіп жатыр. Атап айтқанда, елді мекендегі Кеңгір, Қараөткел, Балқан және №2,3,4 көшелерінде құрлыс жұмыстар қарқынды. Мердігерлер бұрынға шағал тас төселген көшелерді асфальтқа ыңғайластыру үшін жер жұмыстарын атқарып, бүгінде арнайы техникалар жол жабындысын реттеу үстінде. Ал, Сазқұндыз бен Алай көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынып, асфальт қабатын төсеу жұмыстары басталған. Осылайша жыл соңына дейін Базарқақпа тұрғын алабында 6.6 шақырымды құрайтын 11 көше асфальттанбақ. Естеріңізге сала кетейік, былтыр аталмыш  тұрғын алапта 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төселді.Атап айтқанда Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделеді. МЖК шағын ауданы Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы (Застенная). 275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшесі. Сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі, Желтоқсан және Іляев көшелерінің қиылысы Байтұрсынов көшесіне кіреберісі де бар. Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі. 195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және №1 көшелер. Самал-2 шағын ауданы Жабай ата мен Мейірбеков көшесі. Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейін. Қазіргі сәтте, 275 орамда (4 көше), МЖК шағынауданында (3 тұйық) және 195 орамда (5 көше) асфальт салу жұмыстары аяқталды. Айта кетейік, былтыр Шымкент қаласында ұзындығы үш шақырымнан асатын үш көшеге асфальт төселді. Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелері ғана емес, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Еңбекші ауданы Базарқақпа тұрғын алабының Кендала, Жастар, Тельман көшелері орташа жөндеу негізінде асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Тұрғын алаптағы жалпы көше ұзындығы 3,80 шақырымды құрайды. Жобалық сметалық құжатына сәйкес, барлық көшелерге қалыңдығы 10 см асфальт төселді. Шымкент қаласында асфальтталған жолдардың жалпы ұзындығы – 2 029,2 шақырым. Қалада 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша бірқатар нысандарда жұмыстар аяқталды. Жыл басынан бері шұңқырларды жамау (3500 шаршы метр), тегістеу қабатын салу (1000 шаршы метр) жұмыстары орындалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бірінші кезекте көлік қарқыны жоғары және қала орталығындағы магистралды көшелерде атқарылуда. Атап айтқанда, Жолан батыр, Саттарханов, Қазиев, А-2 автомобиль жолы, Бекболатов, Т.Рысқұлов (Дулати-Сайрам), Елшібек батыр және Тәуке хан көшесінде (Сайрам-Өндірістік аймаққа дейін) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin