• 25 ноября, 2024 2:51 дп

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРДЫҢ ТІЛЕГІ

Автор:admin

Окт 19, 2023

 

Алдымызда Қазақстан үшін ерекше мейрам жақындап қалды. 25 қазан -Республика күні.
Осы айтулы мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтағымыз келеді. Егемендік декларациясы қабылданған күн шын мәнінде өте маңызды оқиға. Елдің ертеңі жарқын болмақ үшін қабылданған шешімдердің бүгін игілігін көріп, жемісін жеп отырмыз.

«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дейді дана халқымыз.
Жақында ауданымызда «Қарттарым — қазынам» атпен тәрбиелік мәні бар мерекелік іс-шара өткіздік. Оған Қаратау аудан әкім Р.Мүлкеманов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты А.Молдабек, шағын ауданымыздың төбе биі Қ.Қанайұлы, «Хан Батырлар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Есенбетов, «Чернобль-Семей» полигоны қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Нақбаев бастаған азаматтар қатысып, келелі ойларын ортаға салды.

Басқосуда елдік мәселелер көтерілді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен республикада ардагерлерге үлкен қолдау көрсетіліп жатқандығы айтылды. Республика өміріндегі болып жатқан жұмыстар ой елегінен өткізіліп, өміршең реформаларды қуаттау, қолдау мәселелері сөз болды.
Мемлекеттің тірегі ең алдымен халқы. Мемлекет мықты болу үшін бірлік пен ынтымақтастық керек. Жастарды оқу-білімге тартып, жаңа кәсіптерді игеруге ақсақалдар алқасы да ұйытқы болғаны жөн. Бүгінде діни жат ағымдар көп жерде белең алып тұр. Осының бәріне үлкен толқынның ақылы, біліктілігі, тоқтамы керек.

Жиында осындай мәселелер мен қоса алдағы келе жатқан Республика күніне құттықтаулар айтылды.

Аманбек АХМЕТБАЕВ,
Қаратау ауданы «Қайтпас-1» шағынауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы.

#Республика_күні

Автор: admin