Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы таныстырылды.
Бұл жоба туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Түркістан облыстық филалының ғимаратында өткен баспасөз брифингінде ҚР Сауда және интеграция министрлігініңТүркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Болатбек Қыстауов мәлім етті.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерге қоғамдық талдау-бақылау шеңберінде тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуде басшылық жасау, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпарат беру, тауардың сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгіну, тұтынушылардың мүддесі үшін сотқа талап қою, халық арасында сапасыз өнім анықтау мақсатында сауалнама жүргізу мүмкіндігі берілуде. Талдау – бақылау жүргізу шеңберінде қоғам белсенділері тауар сту сатып алу орындарында фото, бейне жазбаларын пайдалану құқығы бар.
Қазір облыста тұтынушылардың өтініштері бойынша сапасыз өнімді анықтау жұмысы жүргізіліп, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін және кәсіпкерлік суьбектілердің тұтынушылар алдындағы міндеттерін орындауын қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдардың жұмысы жалғасуда.