• 23 ноября, 2024 11:58 пп

Freedom Bank – қасиетті Түркістан төрінде!

Автор:admin

Июн 25, 2024

   Бүгін түбі бір, Түркі халықтарының рухани астанасы Түркістан қаласында Freedom Bank бөлімшесі жұмысын бастап, ашық есік күнін өткізді. Бұл банк Қазақстанның  қаржы нарығындағы ең ірі алпауыт қаржылық ұйымдардың  бірі. Қаржылық институт кәсіби қызметін 2021 жылы  бастаған. Қысқа уақыт ішінде қазақстандықтарға кәсіби қызмет көрсетіп ғана қоймай, цифрлық ипотека мен автокредит секілді қызметтерді онлайн рәсімдеуді қолға алды. Өз кезегінде қаржылық операцияларды жедел әрі нақты орындауды мақсат еткен құрылым банктің клиенттері үшін таптырмас мүмкіндік.

Түркістандағы Freеdom Bank бөлімшесі клиенттерге шоттармен депозит ашу, жеке және заңды тұлғаларға несие беру, кассалық қызметтер мен ақша аударымдарының операцияларын, сонымен қатар шетел валютасымен есептесу қызметтерін ұсынады. Осындай қаржылық ұйым Қазақстанның барлық қалаларында өз бөлімшелерін ашып, енді міне бүгін ресми түрде Түркістан қаласына табан тіреп, халық игілігі үшін қызмет көрсетуді бастамақ. Осы орайда банктің жұмысы жайында Freedom bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұловтың пікірін білген едік.

«Өңірлерде филиалдар ашылғанға дейін де біздің цифрлық өнімдеріміздің арқасында еліміздің түкпір-түкпірінен клиенттеріміз болды. Бұл инновациялық шешімдер Freedom  Bank-ке үш жыл ішінде рейтингте 16-дан 8-ші орынға көтерілуге және Қазақстанның жүйе құраушы үздік 10 Банкінің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Freedom Bank — мемлекеттік органдармен интеграция саны бойынша  республикадағы екінші банк. Қысқа мерзім ішінде 21 мыңнан астам автокредит берілді, рәсімделген ипотеканың жалпы сомасы 388 миллиардтан асты. Өткен  жылы Банк 53 мыңнан астам ШОБ-тың кәсіпорнын қаржыландырды. Сонымен қатар, біз үшін өз клиенттерімізге таңдау жасау маңызды және біз оларға ыңғайлы кез келген форматта: онлайн және офлайн режимде қызмет көрсетуге дайынбыз. Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және Түркістан тұрғындарына Банктік сервистің жоғары деңгейін ұсынуға дайынбыз» деп бөлісті Айдос Болатұлы.

Шаһарымыздағы жаңа офис орталықтағы Әмір-Темір 5-те, Turkestan plaza-да орналасқан. Жаңа офис үш кассамен, электронды кезек жүйесімен, банкоматпен және VIP клиенттерге қызмет көрсетуге арналған арнайы бөлмемен жабдықталған. Сондай-ақ бөлімше аумағында клиенттерге арналған автотұрақ қарастырылған. Бөлімшенің жұмыс режимі: дүйсенбіден-жұма аралығында сағат 09:00 – 18:00ге дейін, сенбі-жексенбі демалыс.

 

Freedom Bank Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық даму үдерісінде елеулі үлес қосып отырған — қаржылық ұйым. Ұйымның ең басты ерекшелігі қысқа мерзім ішінде озық цифрлық технологияларды пайдалана отырып, халықтың нарықтағы сұранысын жедел орындауға ықпал ету. Бұл бағытта банктің үздік жобалары өз нәтижесін беріп, даму жолын айқындап берген. Атап айтар болсақ, электрондық әмияндарға цифрлық құжаттарды қосуға мүмкіндік жасалып, көп валюталы депозиттік карта ашуға, инвестор картасын және орта-шағын бизнескерлерге   арналған өнімдердің кең желісін сәтті іске қосып отыр.

Есепке алатын тағы бір дүние бар, 2023 жылы Банктен айналым қаражатын 100 млн теңгеге дейін толықтыруға арналған «Жеке Кәсіпкерлер үшін цифрлық кредит» жаңа өнімі іске қосылған. Осы жылы Банк жаңа Freedom валютасын клиенттерге ұсынып, Freedom Holding Corp. холдингінің акционері атануға жол ашты.  Тағы бір жақсы жаңалық банктің акционері атанып, биржалық нота (ETN) түріндегі транзакциялардан кешбэк алуыңызға болады. Бүгінгі күні холдингтің акциялары Nasdaq Capital Market    және Қазақстан қор биржасында саудалану үстінде. Бұл мүмкіндікті сізде құр жіберіп алмай, банктің салымшы акционері атануыңызға әбден болады. Еліміздің белді Банктерінің бірі ретінде әлі талай цифрлық жобаларды іске қосып, Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосатынына кәміл сенеміз. Істеріңізге сәттілік, толағай табыстар тілеймін.

«Jsk.kz» ақпараттық агенттігінің директоры-бас редакторы

Сағындық Жанысбаев Қалдыбекұлы

(01.02.2023 берілген № 1.2.108/43/250 ҚНРДА лицензиясы)

Автор: admin