Halyk Bank және Sulpak бөліп төлеу арқылы сатып алудың онлайн сервисін іске қосты

Ақпарат Құқық

Ірі отандық банк Halyk Bank пен электроника және тұрмыстық техника нарығындағы көшбасшылардың бірі Sulpak компаниясы ұзақ мерзімді серіктестік шеңберінде тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алудың жаңа онлайн сервисінің іске қосылғаны жөнінде мәлімдеді.

Sulpak және Halyk Bank арасындағы ынтымақтастық COVID-19 пандемиясы тудырған күрделі уақытта цифрлық технологияларды сауатты қолдану және оңтайлы ұсыныс арқылы клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатын көздейді.
Осылайша, мамыр айынан бастап клиенттерге кредит беру бойынша жаңа инновациялық шешімнің арқасында Sulpak дүкендерінің барлығында кез келген тауарды екі жылға бөліп, артық төлемсіз және пайызсыз сатып алуға болады. Бұл бағдарлама Homebank мобильді қосымшасында (App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады) клиенттің өзін қызықтыратын тауарларды бөліп төлеу шартымен өз бетінше ресімдеуіне мүмкіндік береді. Homebank қосымшасында клиент онлайн тіркеуден өтеді, кредит алуға сұрау жібереді, өтінім мақұлданған жағдайда тауарды сатып ала алады. Кез келген адам Homebank қосымшасында тіркеліп, бөліп төлеуді ресімдей алады. Бұл ұсыныс сатып алушылар үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтеді және бөліп төлеу арқылы алу уақытын қысқартады. Енді клиент үшін кредит менеджеріне келіп кезекке тұрудың қажеті жоқ, бөліп төлеуді ресімдеудің барлық процесін клиент Homebank қосымшасында өз бетінше жүзеге асыра алады.

«Sulpak компаниясымен бірлесе отырып, біз сатып алушылар үшін инновациялық шешім жасадық, бұл тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып алу форматын толығымен өзгертті. Осылайша Homebank мобильді қосымшасында 24 айға дейін онлайн бөліп төлеуге болады. Клиентті қашықтықтан сәйкестендіру бөлігіндегі технологиялық өзгерістердің арқасында біз кредиттік менеджерлер арқылы өтінімді ресімдеудің физикалық процесін алып тастап, 100% онлайн ресімдеу процесін жасадық, бұл Halyk Bank клиенттері болып табылатынына немесе болмауына қарамастан барлық ниет білдірушілерге қолжетімді», — деп мәлімдеді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов.
«Бұл пандемия басталғаннан бастап Sulpak компаниясының алғашқы ауқымды серіктестік бағдарламасы. Sulpak үшін Halyk Bank-пен ынтымақтастық барлық жағынан клиенттерге бағытталған және оптимистік сипатта қарастырылады. Бұл ұсыныс – отандық сатып алушыға жаңа жетілдірілген мүмкіндіктер, тауарлар мен қызметтер ұсыну қадамы. Halyk Bank Sulpak бөлшек сауда желісімен бірге клиенттің жағдайына түсіністікпен қарайды, өйткені қазір көптеген қазақстандықтың қаржылық мүмкіндігі шектеулі екенін түсінеді», — деді Sulpak компаниясының Бас директоры Дмитрий Провкин.

Бұл ұсыныс тауарды екі жыл бойы артық төлемсіз, ауыртпалықсыз төлеуге көмектеседі, бұл қазір қолдау қажет болатын көптеген сатып алушылардың қаржылық жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, бөліп төлеуді Қазақстан бойынша Sulpak дүкендерінде географиялық орналасуына қарамастан ресімдеуге болады және барлық клиенттерге қолжетімді. Тауарды алдын ала таңдап алып, Homebank мобильді қосымшасын жүктеп,, дүкенге келіп, қысқа мерзімде сатып алуды ресімдеуге болады. Тиімді және тез.

Қарағандылық Руслан Катибаев жақында Sulpak және Halyk Bank ұсынған ұсынысты пайдаланды. «Үшінші сәбиіміздің дүниеге келуін күтіп жүрміз, соған орай тағамды жылдам қыздыратын микротолқынды пеш сатып алуды ұйғардық, өйткені кішкентай баланың өмірге келуімен ерлі-зайыптылардың бос уақыты болмайды. Тауар таңдау үшін Sulpak дүкеніне келген кезімде маған Halyk Bank-пен тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алудың жаңа шарттарын түсіндіріп берді. Әрине, бұған қуандым. Біздің отбасымыз үшін 24 айға бөліп төлеу – бұл айтарлықтай жеңілдік. Енді үлкен ұлыма планшет сатып алу ойымда бар. Баламның туған күні де жақындап қалды».

«Halyk Bank-пен біз бірнеше жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз, біздің екі ұйым да нарықта клиентке бағдарланған жоғары сапалы қызмет көрсетумен ерекшеленеді. Біз әрдайым өзара іс-қимыл үшін үздік тәсілдерді қолданамыз, сондай-ақ клиенттер үшін ең жақсы ұсыныстар жасаймыз. Дағдарыс уақыты баға саясатына әсер етпеуі немесе біздің сатып алушыларымыз үшін барынша тиімді жағдайлар жасауда бізге кедергі болмауы тиіс», — деді Sulpak компаниясының Бас директоры Дмитрий Провкин.

«Halyk Bank әрдайым клиенттер мен серіктестердің сенімін ақтауға ұмтылады және бұл жоба да сол үрдістен қалыс қалмады. Біз барлық күш-жігерімізбен бүкіл қазақстандықтар үшін тиімді өнім мен барынша қолайлы процесс жасадық» — деді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Жұмабек Мамутов.

Акция шарттарымен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады