«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырысты партия филиалының Атқарушысы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы ашып беріп, қоғамдық кеңестің төрайымы Айдарбекова Күлия Смайылханқызы жүргізді.
Кеңес отырысында азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту мәселелері бойынша құрылған «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы таныстырылды.
— «Мемлекет Басшысы «AMANAT» партиясының реформаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуға, Қазақстанды қарқынды түрде қайта құрудың және жаңартудың негізгі қозғаушы күші ретінде әрекет етуге міндетті екенін атап өтті. Бұл ретте, партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ең өзекті тақырыптар бойынша ұсыныстар әзірлейтін ашық әрі тиімді алаңға айналуға тиіс. Мұндай қадамдар билік, партия және халық арасындағы жаңа диалог мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі», — деді Ж.Бектаева.
Мәжілісте Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған реформаларды жүзеге асыру барысын, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуын және мәдениет саласындағы күрделі мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Демеуғали Ертайұлы Бақов және ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Әділханов Бексұлтан Ержанұлының баяндамалары тыңдалды. Жиынға кеңес мүшелерімен қатар, мемлекеттік мекеме басшылары, партия филиалының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Jsk ақпарат