• 27 декабря, 2024 2:28 дп

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы мәселелері» жөніндегі қоғамдық кеңестің 10 айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Автор:admin

Ноя 12, 2021

Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі Бекайдар Тулегенов ашып, жүргізіп отырды.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы Шымкент қаласының Жол картасына енген әлеуметтік саланың бірі – медицина. Ол бойынша биылдыққа 17 іс-шара қарастырылған. Ағымдағы жылы 2 медициналық нысанның орнына жеке инвесторлар 5 медициналық орталық (Модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, «Қазығұрт» клиникасы, Asem Medikal медицина орталығы, Sunkar Premium медицина орталығы, №14 емдеу орталығы) ашып, тағы 3 медициналық мекеменің күрделі жөндеу жұмысы аяқталу үстінде.

Сайлауалды бағдарламада негізгі басымдықтың бірі спорт саласына берілген. Жол картасында биылға 10 іс-шара жоспарланып, «Бұқаралық спортты дамыту» бағыты бойынша Шымкентте 7 стрит-воркаут алаңшасы ашылды. Сондай-ақ бюджет есебінен – 101, демеушілер есебінен 14 спорт алаңшасын ашу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы, Шымкентте қазір 37 спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Биыл жеке инвесторлар есебінен 1200 орындық 2 спорт кешені ашылды.

Жол картасына енген нысандарда күрделі жөндеу жұмыстарының тиімді іске асырылуын және пандемияға байланысты денсаулық сақтау саласындағы орын алған өзекті мәселелер дер кезінде партияның бақылауына алынып, шешу мақсатында іс-шаралар өткізілді. Осы мақсатта бүгінгі таңға дейін, Қоғамдық кеңесте жалпы саны 4 жоспарлы отырыс, 1 кезектен тыс отырыс, 3 азаматтарды қабылдау, 10 медициналық нысан мен 1 спорттық нысанда 4 көшпелі іс-шаралар өткізілді.

Жылдық жоспарға сәйкес, Қоғамдық кеңес 3 рет азаматтарды қабылдау жүргізді. Сирек кездесетін аурулары бар азаматтарға Қоғамдық кеңес тарапынан қолдау көресітілді. Денсаулығы нашар, жалғызбасты ана жалғыз қызымен тұратынын және үнемі дәрі-дәрмек қабылдайтынына байланысты Қоғамдық кеңес мүшесі, қалалық мәслихат депутаты қаржылай көмек көрсетіп, мәселесі оң шешілді.

JSK ақпарат

Автор: admin