• 23 ноября, 2024 11:58 пп

Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында жедел әрекет ету тобының жұмысын жандандыру бойынша кездесу өткізілді.

Автор:admin

Дек 14, 2021

⚜️Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында жедел әрекет ету тобының жұмысын жандандыру бойынша кездесу өткізілді.

⚜️Жиынды «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы ашып жүргізіп отырды.

⚜️«Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «111 ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТІ» байланыс орталығы жұмыс жасайды.

⚜️Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасында – Адам, оның ар-ожданы мен құқықтары, қауіпсіз әрі берекелі өмірі, отбасы және дәстүрлер партияның негізгі құндылықтары деп белгіленген.

⚜️Партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында ана мен баланың құқығын қорғап, жалпы қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау мәселесін назарда ұстап, кол ұшын беруіміз қажет.

⚜️Бүгінгі отырыста жағдайы төмен отбасыларға, сондай-ақ, әйелдер мен балаларға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмыстар сараланады. Қала бойынша 46 506 көпбалалы отбасылар мен 58334 аз қамтылған отбасылар бар. Қазіргі таңда қаламызда біршама проблемалар өршіп тұр. Пандемия кезінде әйелдер мен балалар отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайлардың саны едәуір өсті, оған мемлекеттік органдар дайын болмады. Осы орайда жедел түрде бірлескен жұмыстарды одан әрі қарқынды жүргізуіміз қажет. Жедел әрекет ету тобы, яғни Сіздермен полиция қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім салалары қызметкерлері, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларымен бірлесе көптеген мәселелерді шешуге ықпал жасамақпыз.

⚜️Статистика бойынша Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың 90 пайызға жуығы әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан да басты мақсат тұрғындардың сана-сезімін өзгертудің жаңа жолдарын іздестіру, осы проблемаға деген көзқарасты өзгерту болып табылады.

⚜️Текті елді біліп, тамырын танып өскен ұрпағы осы және басқа да отбасы құндылықтарды жадынан шығармай дау туығызбайды.

Автор: admin