• 23 ноября, 2024 7:39 дп

*Азаматтық қоғам “ҚАЗАҚТЫҢ 100 АУЫЛЫ”

Автор:admin

Июл 16, 2023

Түркістан облысында азаматтық қоғамды қалыптастырып, оның дамуы жолында бірнеше кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі Түркістан облысындағы тұрғандарды азаматтық белсенділігін арттыру бағытында біршама жұмыстар атқарылып отыр. Жалпы  азаматтық қоғам — онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi.
Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады. Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады. Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады. Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негiзiн, тең танылуы мен қорғалуының заңнамалық кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлген, меншiк нысандарының әралуандылығы мен дара меншiк иелерiнiң егемендiгi құрайды.  Азаматтық қоғам өмiр сүруiнiң басты базалық шарттарының бiрi тәуелсiз БАҚ арқылы қамтамасыз етiлетiн жариялылық болып табылады.  Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ жүйеде әртүрлi, бiрақ өзара тәуелдi бөлiктер ретiнде жұмыс iстейдi. Билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара iс-қимыл ымыраға қол жеткiзуге бағытталады. Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершiлiгiн бөлiседi. Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билiк пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасатын ең жоғары даму деңгейiне жетедi. Азаматтық қоғамдағы демократиялық рәсiмдер билiк қызметiнiң сапасын бұқаралық бағалау құқығына және қоғам мүдделерi үшiн билiкке ықпал ету тетiктерiне негiзделедi. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекеттiң мiндетi жаратылысы жағынан әртүрлi азаматтар мен заңды тұлғалардың бiрлестiктерi (партиялар, YЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және соңғысының билiктi бiр қолға алуына мүмкiндiк бермейтiн азаматтық қоғамды жан-жақты дамыту үшiн қажеттi жағдай
жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның мiндетi — жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу. Азаматтық қоғам — онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам.
Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси iргетасы ретiнде қызмет етедi, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауiпсiздiк, әдiлеттiлiк және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшiн қажет.Сайрам ауданы, Құтарыс ауылдық округінде жаңашыл бизнесмендердің қолға алуымен  «Қазақтың 100 ауылы» жобасы басталыпты. Аядай ғана ауылға инвестиция салып, жанашырлық танытып жатқанын белсенділердің жобасын естіген соң кеше арнайы барып таныстым.

Әкім Тұрсынбеков есімді азамат 2020 жылы «Ozen» қоғамдық қайырымдылық қордың негізін қалаған. Әрине, идеяны ұсынып, қаржыландырушы компаниялар мен азаматтар Астана мен Алматыда тұрады. Олар кеңесе келе  «Құтарыс» ауылын тест платформасы ретінде бекітіпті. Арыс пен Ақсу өзендері бойында орналасқан табиғаты ерекше ауылдық округте халық саны 5 мыңнан асады.

Мұндай тың идеяны бастауға не түрткі болғанын түсіндіріп, ағымдағы инвестициялық жобаларды Әкім бауырымыз таныстырып шықты.

Ауылдың өз спорт залы дайын. Құрылыс жұмыстары 100% қордың есебінен жүргізілген. Спортпен шұғылдануға қажетті құрал-жабдықтары түгел екен. Қазіргі таңда күрес пен бокста 100-ге жуық бала жаттығуда. Келешекте бұл жерден жарыстарға қатысатын спортшылар шығару үшін қаладан жаттықтырушылар тартуда.

Спорт кешенінің жанынан колледж құрылысы жүргізілуде. Мұнда 500 балаға білім алуға мүмкіндік туындайды дейді. Ерекше ұнағаны — шетелдік технологияларды қолданып қана қоймай, студенттер мен мұғалімдерге қатар жағдай жасаймыз деп отыр. Ұстаздарға арнайы тұрғын үй салып беріледі. Сол арқылы олардың назарын, жалпы фокусты тек білім беруге бағыттамақ. Колледж ашылса, грант беру мәселесіне қолдау білдіреміз. Біздің де түпкі ойымыз ауыл жастары тегін оқудың игілігін көруі керек. Және 50 адамға шақталған Коворкинг орталығын да өз қаржыларына жүргізеді. Білім саласы бойынша идеялары мұнымен біткен жоқ. Бюджеттік ұйымдарда қызметкерлердің биометриясы арқылы онлайн бақылау бағдарламасын да ұсынуда.

Ауылдық округте қоғамдық қор жұмыстарының нәтижесінде өз ғимараттарында Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылып (ЦОН), жұмыс істеп тұр. Цифрландыру бойынша әкімдік және полицияға арналған “Ахуал орталығы” аясында ауыл округінің жылу цифрлық картасы, макро және микроэкономикалық көрсеткіштері, денсаулық сақтау ұйымына жүгіну және жедел жәрдем шақырту, білім беру мекемелеріне бару көрсеткіші, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді тұтыну, ауыл шаруашылығы, малдарды вакцинациялау, демография, тұрғылықты жер мен автокөлікті тіркеу динамикасы, ауа-райы мен тағы да басқа бағыттарды жүргізуге жаңа технологиялар енгізуді көздейді. Одан бөлек 50 сыртқы бейнебақылау камерасын орнатуға ынталы. Түрлі қызметтердің тұтынушыларын цифрландырады. Оның ішінде электр, газ бен суды жабдықтау сенсорлары іске қосылады.

Қоғамдық қордың ұжымы Құтарыстағы көшелерді жөндеуге, жол белгілерін орнатуға атсалысады. Жалпы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты қызмет көрсететін жеке автопаркі бар компанияларға басымдық беріледі. Сондай-ақ 9 аялдаманың құрылысына көңіл бөліп, 30 дана электр самокатты пайдалануға қояды. 22 орынды екі электр автобусын әкелсе 4 адам жұмыспен қамтылады. Жол ақысы оқушыларға 20 теңгені құраса, ересектерге 50 теңге белгіленеді екен. Сондай-ақ такси қызметін оңтайландыру үшін “Yassy” мобильді қосымшасын іске қосуды жоспарлауда.

Кілем тоқитын, жиһаз шығаратын бірнеше кәсіпорын ашыу жобасы бар. 100 адамға арналған монша кешені де соғылады. Бұл нысан шаштараз, тігін шеберханасы, ерлер мен әйелдерге киім дүкендері мен кофеханамен қамтылады.

Ауыл шаруашылығына келсек, 2600 гектар алқапқа суару жүйелерін қосып, 2 мың шаршы метрге көкөніс қоймасын салмақ. Фермаларды басқаруға арналған цифрлық платформа, деректер базасын жүзеге асырып ірі қара және ұсақ малды, жылқыларды онлайн бақылау өте ұтымды жоба. Ең бастысы кәсіпорындар үшін платформаға жазылу тегін.

Ауылға аса маңызды проектілердің жетекшісі Әкім Тұрсынбеков және командасының мақсаты айқын. Олар ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік теңсіздікті жойғысы келеді. Қордың ұйымдастыру құрылымы елге белгілі, тәжірибелі мамандардан құралған.

Интернетке қолжетімділікті арттырып, жұмыссыздықпен күрес және жастардың бәсекелесетін инфрақұрылым алаңын құруды көздейді. Құтарыс ауылдық округінде жоба жемісін берсе өзге де ауылды жерлерде стартаптарды негізге алып, шығармашылық, ғылыми және өндірістік жобаларды ерікті қайырымдылық арқылы қаржыландыру жоспары жасалуда. Республика бойынша 462 қайырымдылық жәшігі бар. Кез келген адам мобильді қосымша арқылы жоғарыда аталған игі істерге үлес қоса алады.

Келесі апта қайырымдылық қоғамдық қорының ұжымымен қайта кездесіп, ең алдымен спорт залын жандандыру, такси мобильді қосымшасын енгізу және колледж ашу жайын талқылауға келістік.

Мұрат Тоқаевтың сөзін ортасына ойып саласың ба?

Кейін шартты сурет қойып автордың суретін кішірейтіп берсең

Ұстазсыз адам болмайды. Бәріміз де кезінде мұғалімнің тәлімін алып, білімін үйрендік. Сондықтан болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет.Тарихы терең дәстүр сабақтастығы ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде: «Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті» дейді. Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады.

Ата-бабалар аманат еткен ұлан-ғайыр даланы аман сақтау, ең алдымен, жас буынға артылатын зор үміт. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздігіміздің туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс.  Қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді. Адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев

Жаңа Қазақстан: жақсы мұғалім

Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі. Ал отаны қадірлеген озық оқытушы, ұлты ұлықтаған  ұлағатты  ұстаз атану екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт. Меніңше, жаңару мен жаңғыру дәуірін басынан өткеріп жатқан жаңа Қазақстанға да жақсы мұғалім ауадай қажет. Байыппен бағамдасаңыз, сынаптай  сусыған сынақ – өмірде  адамзат баласының  мұғалімнің алдын көрмегені, ұстаздан тәлім алмағаны кемде-кем.  Сондықтан тал бесіктен жер бесікке дейінгі жүріп өткен жолында жан біткеннің жадында мәңгі қалатын бір адам бар болса, ол – ұстаз дер едім.

Қазақтың Қожамқұловының, сайын даланың серкесінің «Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін»  деуінде де осындай ұлағатты мән жатыр. Ендеше шау тартса да шәкіртінің жүрегінде қалып, қартайса  да қадірі кемімеген игі жақсыларды шын мұғалім, анық ұстаз деп ардақ тұтсақ абзал болар.

Олай болса, Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімін қалай сомдаймыз. Қазақстанның жақсы мұғалімі қандай болуы керек. Мүмкін, Мүсірепов мәністегендей, талапты жастың бұлақ көргендей көзін ашып, ең сенімді адамына, сыр жасырмайтын жанашырына айналған жанды жақсы мұғалім дерміз. Бәлкім, әдебиетіміздің Әбділдасы, тәммәм қазақтың Тәжібаевы тап басып айтқандай, мектепті сыйлайтын, өз мамандығын жан-тәнімен сүйетін, өзінің интелектісін ұдайы көтеріп, дүниеге деген көзқарасын биіктетіп отыратын оқытушыны жақсы  мұғалім дегеніміз жөн бе? Әлде, Әл-Фараби бабамыз бұқарасына  өсиет еткендей, жаратылысынан жаны нәзік, алғыр да аңғарымпаз, шешендігінде шек жоқ, өне бойы өнер-білімге тұнып тұрған, ар-намысына қылаудай дақ түсірмейтін аса қанағатшыл, жақынға да, жатқа да турашылдығымен жаққан, ғибратты ғұмырының  әр күнін, әр сағатын, тіпті әр минутын жұрт баласына жақсылық жасауға арнап, жас жүректерге ізгілік  нұрын шашатын, шарапаты мол бала жанының шипагерлерін шын мұғалім деп дәріптегеніміз дұрыс па?

Меніңше, осынау айтылған орнықты ойларымның баршасының да жақсы мұғалім ұғымын қалыптастыруға қатысы бар.

Ал бүгінгі күнде «Мәңгілік елдің» мәртебелі мұғалімнің әлеуетін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсартуға да мемлекетіміз баса мән беріп отыр.

Өткен ғасырмен салыстыра, салғастыра қарасақ, қазақ баласына қара танытып, қолына қалам ұстатып жүргендердің қазір тұрмысы жаман емес, талабы да тау қопарарлықтай.

Ойымыз орнықты, пікіріміз пәтуалы болу үшін Алаш зиялылары күн кешкен кезеңде шыққан «Ақ жол» газетінен де бірер мысал келтіре кетелік. Мұғалімнің мұңын ұлт мұңы деп біліп, ұстаздың қайғысын қазақ қайғысы санаған басылымда Қазалыдағы орта мектеп оқытушысы Р. Айтмағамбетовтың «жанайқайы» жарық көріпті. «Кімнің ерні аққа тимей жүр?» деген мақаласында  ол: «…Күйбектемей ашық айту керек, осы бір-екі жылдың ішінде мұғалімдер басынан қандай дәуірлер кешкенін өздері біледі. Кеңес хүкіметі құрылғаннан кейін мектептер көбейтілді. Мұғалімдер жетістіруге тырысылды. Бірақ бұл сияқты халық ағарту қызметкерлерінің басында жүрген мұғалімдердің күн көру тіршіліктері бастапқы кезде біраз тәуір болса да соңғы жылда тіпті нашарға айналды. Айлық жетпейді. Кездеме, мата жоқ, киімнен тұттай жалаңаш ең аяғы беріліп тұратын азғантай болса да азық-түлік жоқ.

Енді қалай күн көріп келді? Сауда қылу қолдарынан келмейді, келсе де бармайды, пұлы жоқ. Уақыты жоқ. Мұғалім өзінің дәрежесін кемітіп балалардың, жұрттың көз алдарында ескі киімдерді көтеріп базарда жүруге де болмайды.

Бұл күнде мұғалімдердің қолдарында оқу құралы кітаптар жоқ, сондықтан ертеден кешке дейін беретін сабақтарын әзірлеумен болады. Әзірленбей барған сабақ сабақ болмайды. Оның үстіне білімі шағын бала оқытып көп тәжірибе көрмеген жас мұғалімдерге тіпті қиын.

Мұғалімдердің бұл көрген қорлықтары аз болғандай бір-екі жылдан бері баламызға әліпті таяқ деп білгізген жоқ, деп қара халық ел тағы наразы. Олар білмейді; мектептің ошақтың үш бұтындай тіреп тұратын үш қаруының тек біреуінің ғана бар екендігін. Қалған мұғаліммен мектеп, оқу құралдарының ақсап тұрғандығын. Һәм бұл ескерусіз мектептің мектеп болмайтынын да.

Мұғалім шаршады, қаны қашты, ақылы азды. Оны толтыруға, кеткен күшті қайта орнына келтіруге демалыс, азық-түлік керек. Енді ілгері ұмтылуға онсыз әл біткен шығар.

Ұзын сөздің қысқасы: қабырғасын қатырып,омыртқасын бекітіп, балаларды адам қатарына жеткізетін әкесі де, шешесі де болған мұғалімдердің қасы мен қабағына қарап тамағын тоқ, көйлегін көк қылу керек. «Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама» деген, мұғалімдерге айып қою орынсыз, мұғалім айыпсыз, мұғалім аппақ»,-деп  мұғалімнің жабырқаңқы жағдайын, көңіл күйзелтер көріністі боямасыз бейнелепті. Ал еңбегі ұшан теңіз бүгінгі ұстаздың, жаңа форматтағы жақсы мұғалімнің тұрмысы тәуір, білім-білігі де бәсекеге қабілетті. Жаңартылған оқу бағдарламасының  баяндылық табумен жаңа технологияны толық игеріп, жаңаша әдіс-тәсілдерді өз дәрісінде тиімді қолданатын ұстаздар саны да артып келеді.

Заман ағымынан қалмай, өскелең ұрпақты үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқыту да өзінің жемісті нәтижесін беруде. Дарынды оқушы мен шығармашыл мұғалімнің бірлігі беки түсіп, ғылымға түрен салған жастар жаңалықтың жаршысы болуда. Ұстаздар қауымы да ұлт алдындағы ұлы міндетті жан-жүрегімен түйсініп, алдымен педагог-модератор ретінде өз білімін ұштап, педагог-сарапшы ретінде танымын арттырып жатса, педагог-зерттеуші ретінде зерделі ұстазға айналып, педагог-шебер санатымен білім көкжиегінен көрінгендердің де қарасы қалың.

Демек, біздің бүгінгі оқу-ағарту саласында тың серпін бар. Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімін қалыптастыру да басты назарда. Олай болса, біз де жақсы мұғалімнің септесуімен Елбасымыз айтқандай, жастарымызды жаңа ғылым-білімді игеруге үндеп, жаңа машықтар алуға жетелеуіміз керек.

Білім мен технологияны қатар меңгерген қағылез ұрпақтың алмайтын асуы болмайды. Осы тұрғыдан алғанда да қарыштап дамып келе жатқан Қазақстанымызға жақсы мұғалім қажет. Өйткені жақсы мұғалім – ел ертеңінің кепілі.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin