• 21 сентября, 2024 11:19 пп

Азаматтық қоғамды қалыптастыру бойынша Түркістан облысында оңды жұмыстар атқарылуда!

Автор:admin

Июл 6, 2023

«Тарихы бай, тағылымы терең Түркістанның еліміз үшін орны бөлек. Ол бүкіл Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Түркістан – қазақ елінің рухани жүрегі, қазақтың көптеген қабырғалы тұлғалары мәңгіге жай тапқан қасиетті қала. Осында жерленген 164 әйгілі тұлғаның 21-і ел басқарған қырандар, 30-дан астамы қол бастаған батырлар, ауқымды сөз бастаған билер. Дәл осы қалада еліміздің азаматтық қоғамы қалыптасып, қоғамдық сананы жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Азаматтық қоғам қалыптасып дамымаса елдің де, мемлекеттің де ісі уақыт талабына сай ілгері баспайтыны анық. Нақты айтқанда азаматтық қоғам дамығанда ғана жарқын болашаққа қол жеткізуге болады. Әр адам өз елінің азаматы ретінде, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның белсенді мүшесі ретінде әрекет етіп, заман талабына сай өмір сүруге тиісті. Әрине адами құндылықтардың барлығын қамтыған азаматтық қоғам бірден дамып, керемет нәтижеге лезде қол жеткізеді деу әсте әбестік болар. Жалпы, азаматтық қоғам  әлемде тоқтаусыз қалыптасып, түрлі сатылардан өтіп, біртіндеп дамып келеді. Бұл мемлекет, ел, қоғам бар жерде тоқтаусыз дамитын үдеріс. Бұл үрдісті әлемнің небір ойшылдары зерттеп, пайымдап, түрлі еңбектер қалдырған. Әлі де зерттеліп, зерделеніп келеді. Біздің елімізде де азаматтық қоғам ұйымдарының қызметiнiң құқықтық базасы құрылып оны жетiлдiру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып келеді. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қауымдастығы осыдан отыз жыл бұрын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сол кездегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан алғашқы қадамдарын жасап қалыптаса бастады. Бұл енді ғана тәуелсіздік алған еліміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды десек артық айтқандық болмас. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның азаматтық қоғамы тұрақтылық пен институционалдық дәстүрлерді сақтауда мемлекеттің сенімді серіктесіне айналған бірнеше ұйымнан тұтас бір институтқа айналды. Айналамызда, әлемде болып жатқан күрделі жағдайлар бейбітшілік пен ынтымақ, бірлік, тыныштық болған жағдайда ғана демократиялық құндылықтар дамып, азаматтық қоғамының ілгері басатынын сәт сайын есімізге салып отыр. Әлемнің апшысын қуырып, тынысын тарылтқан індет пен кеше ғана елімізде болған қаңтар оқиғасы, сондай-ақ көрші мемлекеттердің қақтығысы қалыптасқан әдет-ғұрыпымызға, тыныс-тіршілігімізге, күнделікті өмір сүру салтымызға дейін көптеген өзгерістер енгізіп кетті. Жан-жағымызға жіті қарап әр нәрсенің қадір қасиетін қайта бағамдауға ниеттендік.  Бірақ бойымыздағы әбден қалыптасып, қанымызға сіңіп  қалған әдеттерден, мінезден, ұстанымдарымыздан бірден бас тартып, жаңа жолға, жаңа ойларға бастайтын әрекеттерге бару, өзімізді-өзіміз қолға алып мықтап айналыспасақ оңайшылықпен игеріле қоятын нәрсе емес. Бұның бәрі жеке азаматтың бойында қалыптасып азаматтық қоғаммен үндесетін ізгілікті істердің бастауы. Азаматтық қоғамның дамуының ең негізгі өзегі үкіметтік емес ұйымдар деуге болады. Елімізде қалыптасып жұмыс істей бастаған үкіметтік емес ұйымдар біртіндеп дамып келеді. Олар толыққанды жұмыс істеп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр деуге әлі ерте.  Дамыған елдердің тәжірибесіне көз салсақ, азаматтық қоғам дамыған сайын жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын бірден байқауға болады. Азаматтық қоғам дамыған сайын мемлекет те нығая түседі. Сондықтан да парасатты мемлекет азаматтық бастамаға қолайлы жағдай жасау үшін барлық шараларды қабылдайды, әртүрлі өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылуын қолдайды. Мемлекетіміз азаматтардың үнін, ойын, дауысын, ұсынысын тыңдап бірлікте әрекет етуге, жаңа Қазақстанды қалыптастыруға барынша күш салуда. Отыз жыл бойы атқарылған істер де жетерлік. Бұл кезеңдерде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы сәт сайын жанданып, ілгерілеу үстінде болды. Олар мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып, тапсырыстар мен гранттар арқылы жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін екі жарым мыңдай үкіметтік емес ұйым қызмет атқарғанын білеміз. Олар сол арқылы елдің дамуына қал-қадірінше өз үлестерін қосты. Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен азаматтық секторды дамытудың ұзақ мерзімді негізгі бағыттарын айқындайтын жаңа стратегиялық құжат – Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы бекітілгені барлығымызға мәлім. Бұл құжат азаматтық қоғам мен билік органдарының өзара іс-қимылы саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындайды. Тұжырымдамада азаматтық сектордың қызметін түрлендірудің жаңаша тәсілдері қарастырылып, белгіленген шаралар кешенін іске асыру 2030 жылға дейін белгіленген. Осы іргелі істі жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезең – 2020-2025 жылдардың аралығын қамтыса, ал екінші кезеңде – 2026-2030 жылдарда атқарылар жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалған. Елімізде азаматтық қоғам мен оны дамыту, зерттеу, саралау институттарының жұмысын жетілдіруде қолға алынған істер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Қоғамдағы түрлі экономикалық, саяси үдерістерді, бәсекелестік пен пікір алуандығын екшеп, мемлекет пен қоғамның бірліктегі істері мен міндеттерін жан-жақты саралай отырып талқылауға, іске асыруға барлық жағдай жасалған. Осы бағытта үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың түрлі тетіктері жұмыс атқарады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысына қолдау көрсетіп мемлекеттік гранттар беріледі. Осы тұста былтырғы атқарылған жұмыстардың барлығын тізбектеп жатпай бір ғана мысал келтіре кетсек артық болмас. Әрине бұл жүзеге асқан істердің барлық ауқымын көрсетпейді. Дегенмен «теңіздің дәмі тамшыдан білінеді» дегендей атқарылған істердің бір бөлшегін ғана білдіреді. Айтып өтесек, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарып жатқан жұмыстары да біршама. Былтырғы жылдың қорытынды есебі бойынша соңғы үш жылмен салыстармалы түрде олар жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Сонымен қатар, аталмыш акционерлік қоғам өткен жылы бюджет қаражатынан бөлек қаржымен үкіметтік емес ұйымдарға түрлі гранттар ұсынуды жолға қойған. Жалпы көлемі 43 миллион теңгеден астам мемлекеттік емес гранттар тағайындалыпты. Одан бөлек, түрлі әлеуметтік жобаларға қаржы бөлуді әртараптандыруды жеңілдету үшін демеушілерді тарту арқылы да қолдау көрсетіле бастаған. Түрлі халықаралық ұйымдармен кездесулер жасап, тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс атқарудың жолдарын да қарастырған. Жалпы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, дамыту, тиімділігін арттырудың ауқымды жұмыстарын үздіксіз атқарып жатыр. Осындай тоқтаусыз жасалған жұмыстар жыл сайын қорытындыланып, тиімді, оң нәтиже беретін, ары қарай да қоғамдағы сұраныс пен қажеттіліктерді өтейтін жобалар заңды түрде жалғасын тауып келеді. Азматтық қоғамның бағыт бағдары айқын болып, оған жағдай жасалған сайын азаматтық белсенділік те жақсы қалыптасып, дами береді. Қазіргі таңда елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға дерлік азаматтық қоғам өкілдері белсенді түрде қатысады. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады.  Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берген және орындалуын өздері тексереді. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар(отбасы,кооперациялар,ассоциациялар,қоғамдық ұйымдар,кәсіби,шығармашылық,спорттық,этникалық және басқа бірлестіктер),азаматтардың өндірістік және жеке өмірі,олардың әдет-ғұрпы кіреді. Азаматтық қоғамда адамдардың экономикалық,саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары сақталады,бұзылмайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі – әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтары жүзеге асырылады: ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді; жеке тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын пәтер үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін анықтау, ел-жұртқа келіп кету, хатта жазылған және телефонмен сөйлеген сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады; адам өз көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді; азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады. Даму тарихы. Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнініде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын боған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды. Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн және т.б. Дегенмен азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фәлсафашысы – Гегель. Оның айтуынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, корпорацияларды, институтттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Марксизм-ленинизм классиктері зерттеп қоғам дамуының барысын әлемдік тәжірибеде анықтап кеткен кезеңдердің реттілігі бүгінде бұзылды, капитализмнен кейігі  келесі даму сатысы коммунизмге жету мүмкін болмай, тек қиял ғана болып қалды. Осы уақытқа дейін, капитализмнен кейін социалистік қоғам, одан соң кемелденген социализм, одан әрі «коммунизмге» жетеміз деп Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы өзінің жалған идеологиясымен халықтың санасын сан-саққа «жүгірткені» баршамызға белгілі. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда капиталистік сатыға өткен батыс өркениетін құраған Ұлыбритания, Франция, Германия т.б. елдер үш ғасырдан астам уақыт коммунизм құрамыз демей-ақ, капиталистік құрылыстың өзінде-ақ өмір сүре отырып адамға қажетті игіліктердің бәрін жасады. Олардың құқықтық мемлекеттің арқасында, «социалистік» қоғам құрмай-ақ молшылыққа кенеліп отырған жағдайы бар. Бүгінде мемлекеттің сан-алуа түрлері өмірге келгені белгілі. Жалпы мемлекеттер, басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына қарай да әр түрлі болады. Қазіргі өркениетті елдердің көбі азаматтық қоғам арқылы құқықтық мемлекет дәрежесіне жеткен жайы бар. Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықты мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдар мен ережелік актілерге таралады. Заңдар халқын еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға міндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі. Мұнда бір топтың, партияның, топтың, иделогияның үстемдігіне жол берілиейді. Адам құқығы биік жәрежеде сақталад. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық ісі ашық түрде атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуандығы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігі биік дамиды. Құқықты мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақта дамып, пісіп жетілуі керек. Құқықты мемлекет өз негізін осы азаматтық қоғамда қалыптастырады да сол ортадан өсіп жетіледі. Құқықты мемлекетті қалыптастырудағы басты принцип товарлы өндірісте жеке меншіктілік пен нарықтық қатынастардың болуы. Алғаш рет құқықтық мемлекет термині ХІХ ғасырда неміс заңгерлері К.Т.Велькер мен фон Р.Молянның еңбектерінде берілді. Кейінірек ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемнің көптеген елдерінде жаңа, ерекше бергілері бар мемлекеттер қалыптаса бастады. Осы ерекше белгілер құқықтық мемлекеттің сипатын құрады. Құқықтық мемлекет деген атаудағы «құқық» деген сөздің алғашқы болып тұруында да өзіндік мәні бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық  жоғары орында тұру керек дегенге меңзейді. Бұл заңның үстемдігі әрбір құқықты мемлекеттің бұлжымайтын принципі болуы тиіс. Яғни, құқық әрбір елдің негізгі заңы – Конституциясында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болуы қажет. Ал, Ата заңның баптарындағы нұсқаулардың мүлтіксіз орндалуын құқықты мемлекеттің бүкіл сот жүйесі қадағалайтын болады. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықты мемлекет те болмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Сол заманның атақты философы Цицерон: «Бұл заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз» – деп дәл айтқан көрінеді. Құқықтық – мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, олай деп түсіну мүлде қате. Құқық адамның табиғатымен бірге туған. Бұл туралы американың тәуелсіздігі декларацимясына кірген өзінің тамаша сөзінде Томас Джефферсон құққты мемлекеттегі демократиялық өкіметтің іргетасын қалайтын негізгі қағиданы атап көрсеткен еді. Онда демократиялық үкімет Джефферсон айтқандай бостандықтың басты түрлерін халыққа сыйлай салмайды, үкімет әр адам туғаннан бастап ие болуға тиісті бостандықты қорғау үшін ғана құрылады деген. Ал мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. 1948 жылғы халықаралық дәрежеде қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтар тең болып туады. Олардың басында ақыл, бойында ар болғандықтан олар бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс». (1-бап) – деп жариялаған. Осы тұжырымдаманы айқындай келіп Декларацияның 3-бабы: «Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы», – деп бүкіл әлемнің халқынан қолдау тапқан. Барлық адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталған қағидалары Қазақстанның Ата заңында да толығымен өз бейнесін тапқан. Оның 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп жазылған. Бұл жерде еркіндік, бостандық деген ұғымдарды шесіз деп түсінбеу керек. Әрбір адам қоғамда өмір сүрген соң белгілі жағдайда сол қоғамдық ортағ,а тәуелді болады. Оның да белгілі шегі, өлшемі бар, қоғам өмірінде бостандық өлшемі құқылық формада көрінеді. Ал өлшем жұрттың бәріне бірдей болуы тиіс. Ал құқықтық мемлекет адамдардың сол бостандығы мен теңдігін кісінің туа біткен қасиеттері деп жаримялады. Мұндай мемлекет барлық құқылық  жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқын өктемдік  пен жәбірлеушіліктен қоғап отырады. Сондықтан да  оның заңдары мен жарлықтары адамның құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен адам құқығының, оның ары мен адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғап, кепілдігін қамтамасыз ету құқықты мемлекеттің негізгі басты принципі болады. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі – ол оның билік жүргізуді бұйрықтар, жеке актілер арқылы ғана емес, заң арқылы іске асыратындығы. Ол заңдар әділ болып, әділетті шаралармен заң арқылы іске асырылып отырылуы керек. Осы мақсатта өкімет билігін бөліп жүргізу принципін әрекет етеді. Ол принцип бойынша өкімет билігінің үш тармағы мемлекеттің заң шығару, атқару және сот билігін жүргізу органдары құрылуы тиіс. Ал енді мемлекеттің осы үш тармағында басымдылыққа жету үшін таласты болдырмау үшін солардың бәріне құқықты мемлекетте жоғары мәртебе беріледі. Ондай мәртебе заң шығарушы өкіметке тиесілі. Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың Конституциялығын қадағалап отыратын Конституциялық соттар құрылады. Сөйтіп құқықты мемлекет болу үшін: Халықтың саяси тәуелсіздігі, мемлекеттің егемендігі. Оның пайда болатын негізі, яғни алғышарты болып табылатын азаматтық қоғам, атына сай жан-жақты жетілген болуы керек. Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі, мемлекет заңдарынан адам құқығының жоғары тұруы қажет. Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Ол «Қоғамның саяси жүйесі» деген тақырыпта қарастырылады. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдйда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтыңт сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процесске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ. Сонымен, азаматтық қоғам дегеніміз – мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол – қоғам мүшелері арасында экономикалық, құқықтық, мәдени және саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет. Азаматтық қоғам термині ең алғаш рет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді. Ол латынның civis, азамат (гражданин) деген сөзінен civitas қоғам-общество деген ұғыммен ұласады. Ал шын мәнінде ол ХҮІІ ғасырда Шотландияда және ХІХ ғасырда Германияда жүзеге асты. Гегельдің айтуынша: азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктен туындаған, жеке адамдаардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, өндіріс орындарының, кооперативтердің, қайырымдылық ұйымдардың мәдени, діни бірлестіктерінің мүдделері бойынша біріккен клубтардың жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың т.б. сол сияқтылардың жиынтығы ретінде көрінеді. Олардың басты белгісі ол ұйымдардың басты белгісі ол ұйымдардың мүшелерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі ұйымдар құрамына ерікті түрде кіре алатындығы болып табылады.

Азаматтық қоғамның экономикалық негізін жеке меншік иелерінің дербестігі мен меншік түрінің түрлі формасының әр түрлігі құрайды. Азаматтық қоғам, мемлекет пен жеке тұлғалар арасында дәнекерші рөлін атқарады. Ол жеке тұлғаны мемлекеттен қорғайды, адам құқығының сақталуын қамтамасыз етеді, мемлекеттің қызметіне бақылау қояды. Сондай-ақ азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктігінің кепілі де бола алады. Адамзат қоғамының дамуында белгілі бір кезеңді ғана қамтитын бұл қоғам белгілі бір уақыттан соң ғылыми техникалық қоғамқа ауысады.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin