• 22 ноября, 2024 11:04 пп

БАҚ өкілдері «Заречное» кенішіне барды

Автор:admin

Ноя 8, 2024

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Түркістан облысының Отырарауданында орналасқан «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ еншілескәсіпорнының кенішіне баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараны өткізуге әлеуметтік желілерде таратылғанбейнематериалдар себеп болды, онда автордың айтуынша, өндірістік алаңда технологиялық ерітінділердің төгілуітіркелген.

Ұлттық компания мен «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ өкілдеріжурналистерге өндірістік нысандарды көрсетіп, ресмитүсініктемелер берді. Олар кәсіпорындағы уран шикізатыөндірісінің барлық қалдықтары түріне қарай бөлінетінін жәнеережеге сәйкес арнайы бөлінген алаңдарда немесежинақтағыштарда уақытша орналастырылатынын, бұлқоршаған ортаға ықтимал әсерді барынша азайтатынынегжей-тегжейлі айтып берді. Бұрғылау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті барлықзумпфтар мен шұңқырлар соңынан босатылады жәнетазартылады. Техникалық ақаулыққа байланысты күкіртқышқылының төгілуі сияқты оқиғалар болған жағдайда, төгілген сұйықтықты оқшаулау және жинау арқылыластанған учаскенің одан әрі таралуына жол бермеу жәнешектеу бойынша жедел шаралар қабылданады. Қышқылданған топырақ бейтараптандырылып, зертханалықтексеру жүргізілгеннен кейін экологияға қауіп төндірместенорнына қайтарылады.

«Өз қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін кәсіпорын қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудыңжоғары стандарттарын сақтай отырып, уран өндіреді. Заңнама талаптарына сәйкес, кен орнындағы жұмыстараяқталғаннан кейін учаске мемлекетке бастапқы түріндеқайтарылады, оны арнайы комиссия растайды. Бұданбасқа, заңнаманың талабы бойынша Қазатомөнеркәсіпкәсіпорындарында тарату қорлары құрылған, ондажұмыстар аяқталғаннан кейін аумақты қалпына келтіружәне толық қалпына келтіру үшін қаржы қаражатыжинақталады», — деп атап өтті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»АҚ өндірістік қауіпсіздік департаментінің директоры Манас Ысқақов.

Сондай-ақ журналистерге уақытша сақтаудың арнайыжабық алаңында жиналып сақталатын төмен радиоактивтіқалдықтарды жіктеу рәсімі көрсетілді. Жинақталғаннан кейінолар жерлеу үшін компанияның аймағынан алысорналасқан көму орындарына жіберіледі. Бейтараптандырудан өтетін қышқылданған топырақтыуақытша орналастыру үшін кәсіпорында жеке алаң да қарастырылған.

«ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ — Отырар ауданындағы жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырғанжәне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес өңірдің негізгі салық төлеушісі болып табылатын жалғыз өндірістік кәсіпорын екенін атап өту маңызды. Компания халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуын қолдауға бағытталған көптеген бастамаларды іске асыруда. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылады: өндірістік учаскелерде экологиялық бақылау, өндірістік және тұтыну қалдықтарын басқару, биоәртүрлілікті сақтау және табиғатқа теріс әсерді азайту бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізіледі.

Автор: admin