• 25 ноября, 2024 7:28 пп

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Автор:admin

Апр 11, 2024

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі сенімді қаржы жүйесін қалыптастыруға және оның еліміздің экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне тигізетін әсеріне баса назар аударып келеді.  Себебі табиғи ресурстары мол елдің экономикалық өсуі, оның қаржы ресурстарының қалыптасуы мен тиімді жұмсалуына тығыз байланысты болады. Сонымен қатар нарықтық экономикадағы жекеменшік және басқа да меншік иеліктері қатар дамып отырған кезеңде, әсіресе оларды реттейтін нормативтік актілердің осал тұстарының бар болуы мен оларды орындамаған жағдайдағы жауапкершіліктің қатаң болмауы жағдайында, қаржы жүйесінде көптеген қайшылықтар туындап, мемлекеттік меншіктің талан – таражға түсуіне мүмкіндіктер пайда болады. Осыған орай бюджет-қаржы процесін бақылау, мемлекет қаржысының ұқыпты әрі тиімді жұмсалуына мемлекет тарапынан баса назар аударылуда. Бұл жұмыстарды мемлекеттік бақылау органдары нәтижелі жүргізіп келеді. Түркістан облысы бойынша қаржылық бақылау Инспекциясының облыстың мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жүргізген бақылаулардың қорытындысымен бюджет қаражаттарының жұмсалуында жалпы сомасы 3477,4 млн. теңгені құрайтын жолсыздықтар анықталды, оның ішінде: бюджет қаражаттарының негізсіз жұмсалуы -2021,8 млн. тенге, бюджет қаражаттарының тиімсіз жұмсалуы – 945,9 млн. тенге, бюджет қаражаттарының мақсатсыз жұмсалуы -15,9 млн. тенге, материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі – 352,4 млн. тенге, салықтан тыс төлемдердің бюджет кірісіне алынбауы – 141,4 млн. тенге.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin