• 25 сентября, 2024 3:17 пп

Бюджетаралық қатынастардың қағидаттары

Автор:admin

Июл 11, 2024

Түркістан облысы – Қазақстан Республикасының құрамындағы, оңтүстікте орналасқан үлкен өңірлер санатында. Ал енді аймақтың бюджеттік есебіне тоқталсақ, олар бюджетаралық қатынастарға тікелей тәуелді. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі; түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді: төменгі бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі; мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі; қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі; нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі; Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру; жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету; мемлекеттік қызмет көрсетуде ұсынудың барынша тиімділігі мен нәтижелілігі — мемлекеттік қызмет көрсетудің неғүрлым тиімді және нәтижелі жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік кызметтер көрсетуді бекітіп беру;

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin