• 25 ноября, 2024 2:40 пп

Бюджеттік бағдарламалар жайында не білеміз?

Автор:admin

Июл 15, 2024

Түркістан облысы екі негізгі бюджеттік бағдарлама арқылы қазынаға қаржы құйып отырған өңірлердің бірі. Толығырақ айтсақ біріншісі — ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, олар тұрақты сипаты бар немесе  дамудың бюджеттік бағдарламаларына  жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді  көздейтін заңнамалық актілерге  сәйкес мемлекеттік басқарудың  функциялары мен мемлекет міндеттемелерінің  орындалуын қамтамасыз етуге  бағытталады; Екінші бағдарлама — дамудың  бюджеттік бағдарламалары,оларбюджеттік инвестицияларды жүзеге  асыруға бағытталады. Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджетте бекiтілетін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді. Жузеге асыру тәсіліне қарай бюджеттік бағдарламалар бір әкімші жүзеге асыратын жеке-дара бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісі бойынша бюджетте бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар болып бөлінеді. Бюджеттiк бағдарламалардың тиімділігін бағалау үш стадияда — бюджеттің жобасын әзірлеу кезiнде, бюджетті атқару кезінде және бюджеттің атқарылуын бақылау кезінде жүзеге асырылады. Жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы және төменгі бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басқа осындай бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме-дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау едістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген. Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin