• 19 сентября, 2024 9:39 пп

Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.

Автор:admin

Июн 2, 2024

Түркістан облысы бюджетті жоспарлау арқылы, облыстағы қаржыны игеру жолдарын оңтайландыру бағытында қарқынды жұмыс жасап жатқан өңірлердің бірі. Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алатыны сөзсіз. Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және қүру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен түратын жергілікті бюджет болып бөлінеді.Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне салық,салықтық емес түсімдер жатады,ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т.б. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сүраныс пен ухыныстың көлеміне белсенді эсер ете алады. баланс концепциясы барлык мемлекеттік шығындар мен кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады.Алайда тәжірибеде бюджеттің шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сырткы қарыз көмегімен жабылатын жалпы тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет экономикасына ынталандырушы эсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сүранысқа эсер ете алмайды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin