• 19 сентября, 2024 9:26 пп

Бюджеттік қаржыландырудың ішкі көздері

Автор:admin

Июн 2, 2024

Бюджеттік қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялык банктерден және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Түркістан облысы бюджетті қаржыландыру бағытында қыруар жұмыс істеп отырған өңірлер сабында. Ұлттык банктен алынған таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады. Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа эсер ететін экономикалық факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мүндай есептеудің нәтижелері нақты болмауы мүмкін,өйткені ол салықтық база эволюциясын есептемейді, бүрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мүндай құрылым дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының базалары едэуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау керек. Қосылған қүн салығы үшін салықтық база болып қосылған кұн мөлшері табылады, табыс салығы үшін — салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б.Салық сомасының өсімшесі салық базасының ‘және де салық салудың да (мысалы,салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін. Өзгерудің бірінші түрін автоматты эсер, ал екінші түрін дискреционды деп атауға болады. Автоматты эсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді. Мысалы: салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қаркыны арасында қарым-қатынас құрылсын. Және салықтьіқ жүйе салыстыру мерзімі ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin