• 27 ноября, 2024 4:51 дп

Бюджеттің нақтылығы мен атқарылу үлгісі

Автор:admin

Июл 5, 2024

Қаржылық жыл бiткеннен соң атқару үкiметiнiң өкiлеттi өкiлдерi, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерiнiң табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп бередi.   Түркістан облысының негізгі бюджеті жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Орталық үкiметтiң бюджетi мен жергiлiктi бюджеттердiң арасында бюджет табыстарының көзiн бөлу туралы, ел масштабында қаражаттардыбөлу арқылы, орталық үкiмет жағынан жергiлiктi бюджеттердi қаржыландыру туралы жеңiл емес қатынастар пайда болады. Сонықтан, мемлекеттiк бюджет тек орталық үкiметтiң бюджетi емес, ол мемлекеттiк әкiмшiлдiк-территориялық үкiметтердiң барлық дәрежедегi бюджеттерiнiң жиынтығы болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты мiндет атқаратын және мемлекеттiк бюджетке жатқызылмаған бюджетпен тығыз ұштасып жатады. Бюджеттен тыс қаражаттар ортылық және жергiлiктi үкiметқарамағында болады және олар, әрқайсы белгiлi қажеттер үшiн құрылған арнаулы қорларда жинақталады. Бюджеттен тыс қорлар бюджеттi, сондықтан парламенттiк бақылауды айналып үкiметтiң экономикаға кiрiсуiнiң мүмкiндiгiн кеңейтедi. Бюджетте мемлекеттiң шығыстары мен табыстарының құрылымы көрсетiледi. Шығыстар бюджеттiк ассигновациялардың бағыттары мен мақсаттарын көрсетедi. Бюджет шығындарының бiрiншi орнына ие болушы әлеуметтiк баптар: әлеуметтiк жәрдемдер, бiлiм, денсаулық сақтау және басқалар. Бұл мемлекеттiк экономикалық саясатының басты мақсатын дәлелдейдi – әлеуметтiк-экономикалық құрылысты тұрақтандыру, нығайту және оны өзгермелi жағдайлармен үйлестiрудi. Мемлекеттiк бюджеттiң шығындарының құрылымы сұранысқа және капиталдар салымының көлемiне реттеушiлiк сипатта әсер етедi. Осындай ықпал экономиканың салалық және аймақтық құрамына, әлем нарықтарында ұлттық бәсекелестiктiң қабiлетiне жасалады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin