• 22 сентября, 2024 4:43 дп

БІЗГЕ ҚАНДАЙ ПОЛИЦИЯ КЕРЕК?

Автор:admin

Май 8, 2024

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ішкі істер органдары мен азаматтардың өзара қарым-қатынасында қызмет көрсету моделін енгізу маңызды екенін, оған «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын негізге алу керектігін жиі айтады. Осы орайда Шымкент қаласының полиция өкілдері мемелекеттік саясатты есепке ала отырып, полицияның біліктілігін арттыру бағытында көптеген жұмыстарды атқаруда. Жалпы, полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Десек те, полиция қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері қайта қарауды қажет етеді. Бізге ІІМ реформалау тек идеялар мен ұсыныстар жиынтығы ғана емес екенін түсіну керек. Реформаның өзі мысалыға Грузиядағыдай түбірімен өзгеріс немесе белгілі бір нүктелер ғана өзгеруі мүмкін дегенді білдіреді. Мәселен, Балтық елдері мен Грузиядағы полиция қызметін реформалау кезіндегі жолдары мен тәсілдері баршаға мәлім. Бұл реформалар шыны керек, оңайлықпен іске аспайды. Сондықтан, полиция болмысы қазақ ұлттық полициясына айналуы тиіс. Ол үшін, билеп-төстеуге бейімделген кеңестік милиция тұжырымына тоқтау салып, біржола жерінуіміз қажет. Өйткені, тарихты парақтап, парықтасақ, кеңестік милиция о баста құрылған кезде адамды, адам құқығын, Конституция мен заңды қорғау үшін құрылмағандығын түйсінесің. Олардың басты мақсаты саяси режимді қорғау, соған қарсы шыққандарды аяусыз жаншу, отарлау, күресу болатын. Сол себепті, қазақ полициясы отарлық милицияның ізімен емес, шындықтың жүзіне тік қарап, тәуелсіз елдің азаматтарының арман-мұраты мен мүддесінен туған, отаншыл институтқа айналуы қажет. Туыстықтан  көрі, турашылдықа бет бұрғаны абзал. Мұндай жүйенің әр бағытын біз жан-жақты талдап-талқылап, зерттеуіміз керек. Әйтпесе, полицияның, киімін өзгерткенімізбен пейілін өзгерте алмаймыз. Қазақстан – адам санына шаққандағы полиция қызметкерлері саны жағынан әлем бойынша алтыншы орында тұрған мемлекет. Оған мысал – «Forbes» журналының зерттеуінде келтірілген деректер. Қазіргі кезде Қазақстандағы күштік құрылым қызметкерлерінің саны қайтадан кеңес заманындағы көрсеткіштерге жеткен екен. Мәселен,100 мың адамға шағар болсақ, елімізде 32,2 прокурор, 12,8 судья, 608,8 полиция қызметкері, 488,2 әскери қызметкер, 35,3 кеденші, 52,1 салық жинаушы, 19,9 қаржы полициясының қызметкері бар. Ал, кеңес заманында 100 мың адамға шаққанда 28,7 прокурор, 3,7 мың судья, 222,6 милиция қызметкері, 1111,8 әскери қызметкер, 18,8 кеденші, 24,7 салық жинаушы, 4 БХСС қызметкері болған екен. Байқағанымыздай кеңес заманынан бері тек әскерилер мен судьялардың саны ғана азайған. 2017 жылғы дерек бойынша облыс көлемінде полицияда 7-8 бөлініс жұмыс атқаруда. Жергілікті полиция қызметінде 3 мыңға жуық адам еңбек етеді. Оның сегіз жүздейі – учаскелік, 200-ден астамы – ювеналдық полиция инспекторы, сегіз жүз – патрульдік полиция полкі мен облыстық арнайы батальонның сержанттық құрамы. Одан бөлек, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторлары бар. Жергілікті полиция қызметінің осы қызметкерлері ІІД жеке құрамының жартысына жуығын құрайды.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin