• 10 ноября, 2025 9:22 пп

«Білімді жастар – келешек кепілі» атты кездесу кеші өтті.

Автор:admin

Ноя 10, 2025

Бүгін Әл-Фараби  атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен 10 қараша – Дүниежүзілік жастар күніне орай «Білімді жастар – келешек кепілі» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға біздің де редакцияның директоры-бас редакторы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық журналисті Сағындық Жанысбаевта қатысып, Шымкент қаласының жастарымен кездесті. Журналистика саласында қызмет еткен жолдарын баяндап, ағалық ақылын айтты. Жалпы жиынның мақсаты — еліміздің қозғаушы күші жастардың, қоғам алдындағы рөлі мен бағытын нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар мүмкіндіктерін кеңейтіп, болашағын қалыптастыруға, білімді іскер жастардың белсенділігін қолдауға арналды. Кешке сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясының директоры Қайыпов Алмас Серікұлы, “Қоғамдық келісім” КММ-нің басшы орынбасары Спатаев Марат Бахытжанұлы, Шымкент қаласы волонтерлар корпусының президенті, Халықаралық ерікті, қоғам белсендісі,TULGA GROUP PR компаниясының директоры, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың “Халық алғысы” медальінің иегері, жеке кәсіпкер Ашимова Жасмин Аскаровна, Ипотека бойынша жас брокер Қабылбек Ақарыс Берікұлы, Жас жеке кәсіпкер Сарыбасов Нурдаулет Анарбекұлы өз ойларымен бөлісіп кештің өтуіне өз септігін тигізді.

 

Ардақ Болатбек

”Jsk.kz” ақпараттық агенттігінің тілшісі

Автор: admin