• 26 ноября, 2024 4:50 дп

Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың – өңірдегі топтасуы

Автор:admin

Июл 16, 2024

Бірыңгай бюджеттік сыныптама сыныптау объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомстволық және экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Түркістан облысында бірыңғай бюджеттік сыныптама арқылы – аймақта біріккен салық түрлерінің қалыптасыуын көруімізге болады. Ол кірістердің сыныптамасынан, бюджет шығыстарынын функциялық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бірыңғай және бюджеттердің барлық деңгейлері үшін міндетті болып табылады. Оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган әзірлейді және республика Үкіметі бекітеді. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады. Бюджет түсімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдердi олардың көздерi мен түрлері бойынша топтастырады. Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы барлық деңгейлер бюджетінің шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтып көрсететін функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын анықтайды. Бюджет шығыстарын функциялық сыныптауды топтастыру мынадай деңгейлерден тұрады: функциялық топтар, функциялық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі бағдарламалар. Функциялық топ — салалық белгілері мен функциялық бағыты бойынша бюджет шығыстарын біріктіру. Функциялық ішкі топ — функциялық топ ішінде бюджет қаражаттарын жұмсаудың баыттарын нақтылайды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin