• 24 ноября, 2024 10:26 дп

Венчурлық бизнес еліміз үшін маңызды.

Автор:admin

Апр 22, 2024

Банк несиесіне қарағанда, оның өзіне тән ерекшеліктері жеткілікті. Сол себепті, венчурлық бизнес әлем үшін де, еліміз үшін де таңсық емес. Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т.б. Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің ұзақтығында.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор.Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу болып табылады. Венчурлық капитал дәстүрлі емес, жаңа компанияларды қолдауға жұмсалады. Бұл бір жағынан тәуекелді арттырса, бір жағынан үлкен пайда әкеледі. «Венчурлық капитал салушы өзінің қаражатын компаниядан 5-7 жылдан кейін қалай алатынын анықтап алуы керек. Ал қаржыландырудың жетістігі компнаия акциясының құнының өсуімен анықталады.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin