Венчурлық кәсіпкердің және менеджердің өте жоғары зияткерлік және кәсіби деңгейі болып табылады. Түркістан облысында венчурлық бизнестің ерекшелігі капиталды аймаққа салу арқылы мемлекеттен қолдау табу. Олардың білімі және тәжірибелері іргелі және қолданбалы ғылымның, инновациялық менеджменттің және жоғарғы технологиялық өндірістің ұштасуында жатыр. Сол себептен ұлттық венчурлық бизнестің құрылуы кешенді және жүйелі, қаржыландырудың толықтай мақсаттарын шешетін, мамандардың дайындығы мол, инфрақұрылымы құралған және қауіпсіздік жүйесімен және т.б. болуы шарт. Қазіргі уақытта Қазақстан эконмикасы мен бизнесіне инвестиция тарту мәселесі маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда ең ұтымды инвестициялық құрал ретінде венчурлық қаржыландырылу қарастырылуда. Венчурлық инвестицияның дамуы Қазақстанның инновациялық ортасында экономикалық саясаттағы басымдылығы мол сауалдардың біріне айналып отыр. Айта кететін тағы бір жайт, бұл Қазақстандағы венчурлық бизнестегі ең үлкен мәселе – ел халқының біразы дерлік бөлігінің осы терминді кездестіру мүмкіндігінің аздығымен не екендігінен хабарсыз болуы. Венчурлық бизнестің дамуының келесі айшықты мәселесі, билік басындағылардың жоғары көзқарасы болып табылады. Расында да сайыстарда бірқатар жобаның ішінен ең жақсысы емес, қалтасы қалыңдары алып жатқаны белгілі. Тіпті осы мәселемен күрескісі келмейтін жандар мұны жанына да жолатпауға тырысады. «Тәуекелділік» кәсіпкердің үшінші мәселесіне сапалы жобалар мен ойлардың таяздығы жатады, бір жағынан ойлап қарасаң бұл мәселеден көбіне демеушінің және инвестордың жетіспеушілігін көруге болады. Мұың өзі ешбір жанның өз қаражатын күдікті жобаға тәуекел ете алмайтындығын көрсетеді. Осы орайда, жобаға бөлінген қаражаттың қайта өндіре алмау қаупі бар. Баршамызға белгілі тендерді ұтып алған жағдайда адамдар көбіне қаражатты жобаға емес, басқаға салады. Бүгінгі таңда венчурлық бизнес Қазақстанда құрылу фазасында болып отыр. Баршамызға белгілі венчурлық қаржыландыру – бұл тәуекелі өте жоғары инновациялық жобаларды қаржыландыру құралы. Бүкіл әлемде аталмыш бизнес, инновациялық қызметтің инвестициялануының ең тиімді әдісі болып табылады. ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің дамуы бағдарламасының қолдауымен инновациялық қызметтің жүзеге асуымен және сәйкесінше инновациялық инфақұрылымның құрылуына орай, елімізде арнайы құрылған мекемелер қатары қызмет етеді: технопарктер, бизнес жетілдіргіштері, ұлттық инновациялық қор және венчурлық қор.
Jsk ақпараттық агенттігі