• 20 сентября, 2024 3:45 дп

Венчурлық қаржыландыру банктік несие беруден қатты ерекшеленеді.

Автор:admin

Июн 5, 2024

Түркістан облысында венчурлік қаржыландыру бойынша банктер кепілдеме есебінен заңға сәйкес облыс тұрғындарына тиімді ұсыныспен жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік бағдарламаларды қолдануға шақырады. Жалпы венчурлік қаржыландыру дегеніміз не? Оның түрлері қандай? Толығырақ мақаламыздан оқып білсеңіз болады.   Өзіндік қаржыландырудың бұл түрінің бірнеше аса маңызды мәнді және сипаттық ерекшеліктерін атап кетсе болады: 1. Венчурлық қаржыландыру акцияға пайлық салымдар мен, яғни тәуекел мен биржадағы ойынмен байланысты; 2. Венчурлық салымшы өз ақшасын компанияға емес, жаңа компанияның интеллектуалды меншігін құрайтын акционерлік капиталына салады; 3. Әдетте, бұндай инновациялық жобалармен не техникалық не коммерциялық апробацияға ие емес, мұндай жобаларды жүзеге асыру тәуекелі өте жоғары болады; 4. Венчурлық капитал тек жаңа жоғары техникалық компанияға орташа және ұзақ мерзімге беріледі. Компанияның өмірлік циклы өтпейінше, венчурлық инвестордың өз қалауымен кез келген уақытта алына алмайды; 5. Қаржыландырудан кейін, 5-7 жыл өткен соң ғана венчурлық инвестор өзіне тиесілі акцияларын иемденіп, оларды бастапқы бағасынан бірнеше есе жоғары бағада сату арқылы пайда табады. Сол себепті де венчерлық инвесторлар табыстың дивидент түрінде бөлінуінен гөрі, оны қайтадан бизнеске салуды көздейді.; 6. Қаржыландырылған шағын компанияның дамуының сәттілігі оның акцияларының құнның өсуімен, компанияның не оның бөліктерінің табысты сатылуы мүмкіндігінен тікелей байланысты; 7. Шағын инновациялық фирмалардың бастапқы капитал көлемі салыстырмалы түрде үлкен болады. Ірі фирмаларға келешексіз және аса тәуекел болып көрінетін облыстардағы жаңашылдықтарды өңдеумен ірі емес кәсіпорындар айналысады. Шағын кәсіпорындармен бағдарламалық қамтамасыз етудің микропроцесор, персоналдыкомьютер сияқты жаңашылдықтары құрылған. Шағын фирмалар ірі корпарацияларға қарағанда 24 есе, ал орта компанияларға қарағанда 4 есе артық жаңашылдықтарды ұсынады. Бұл шағын фирмалардың ғылыми потенциалының жоғары тиімділігін дәлелдейді. Шағын фирмалардың мұндай тиімділігі олардың мобильділігі мен икемділігі, тәуекелділікке баруға дайындығы, қозғалыстың ең жақсы бағыттылығы, өндірістің ең төменгі шығындары есебінен қамтамассыз етіледі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin