• 20 сентября, 2024 6:57 дп

Венчурлік қаржыландыру дегеніміз не?

Автор:admin

Июн 6, 2024

Бұл индустриальды-инновациялық қызмет субъектілерін қаржыландырумен байланысты қызметтің айрықша түрі болып саналатын инновациялық қызмет, яғни олардың жарғылық капиталына инвестициялар, олар шығарған қаржы құралдарын сатып алу немесе оларға борыштық қаржыландыруды ұсыну жолымен қаржыландыруға байланысты қызмет түрі. Бұл қызмет түрі Түркістан облысында енді дами бастаған сала. Инвестицилық жолмен табылған қаржы мемлекетке салық ретінде механизмдер арқылы жүзеге асырылатын үлкен тиімді сала. Яғни венчурлік қаржыландыру – бұл инновацияны әзірлейтін стартаптарға инвестициялар. Қаражатты қайтарудың қандай да бір кепілдігін болжайтын қарапайым инвестициялардан айырмашылығы венчурлік қаржыландыру кезінде жобаның сәтсіздігіне байланысты инвестицияларды жоғалтудың әрқашан жоғары ықтималдығы бар. Инвестор ең табысты салымдардан жоғары қайтарым есебінен пайда алады. Сонымен бірге шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретіндегі Стартап-компания мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс: — ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының қатысуымен құрылған; — жаңа өнім түрлерін ойлап табатын немесе бар өнімдерді (тауарлар, қызметтері, технолгиялар, бағдарламалық қамтамасыз етулер) жетілдіретін. Еліміздегі венчурлік қаржыландыру жағдайы туралы нақты статистика табу қиын. Алайда, бұл салада ҚР-да бірнеше жеке компаниялар мен мемлекеттік даму институттары жұмыс істейді. Жеке секторда, мысалы, «Сентрас»тобының қоры жұмыс істесе, ал екіншісі-екі қазақстандық және үш шетелдік венчурлік қорларға ие ТДҰА (Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік). Әдетте мұндай қорлардың заңдық нысаны-акционерлік қоғам негізінде болады. Бұрын қолданыста болған заң бойынша Қазақстанда қорлардың екі түрін ұйымдастыруға болатын еді: акционерлік инвестициялық қорлар (АИҚ) және пайлық инвестициялық қорлар (ПИҚ). Мұндағы мәселе олардың ұйымдастырушылық құрылымында болды. АИҚ үшін Директорлар кеңесі мен атқарушы органмен жарғылық капитал мен құрылымдар қажет болды. Бұдан басқа, инвестициялық қорлар саласын қатаң қаржылық есептілікті талап ететін ҚР Ұлттық Банкі реттеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin