• 25 сентября, 2024 9:20 дп

Ел өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық.

Автор:admin

Июл 7, 2024

Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. Бұрын әйел теңдігі ұғымы мәселе болса, бүгінгі күні ол гендерлік теңдік деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдануымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» заң қабылданды. Осы орайда аталмыш заң жобасы Шымкент қаласында зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша кешенді жобалар мен жұмыстардың жүйелі атқарылуына септігін тигізді. Жалпы, гендер – ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық саласында көрініс табатын әлеуметтік қыры деген ұғымды білдіреді. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. «Отбасы – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы қысымды болдырмауға ықпал етеді. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу жұмысы күшейтілді. Десек те, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі толық шешілмеген. Сарапшылардың айтуы бойынша, еліміздегі әрбір үшінші әйел психологиялық зорлық-зомбылыққа, әрбір жетіншісі – физикалық, әрбір тоғызыншысы – экономикалық және әрбір оныншысы сексуалдық зорлық- зомбылыққа ұшырайды. Күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне жұрттан ұялып, ол жайтты жасырып қалады. Шағым түсіруге күйеуім қысымды күшейтеді деп қорқады да, көп жайт отбасының айналасында қалып қояды. Елімізде неке қию саны төмендеп, есесіне ажырасулар саны өсіп барады. Соның салдарынан толық емес отбасылар құрамында жалғызбасты аналардың саны басым. Құқық қорғау органдарында оған қарсы күрес жүргізетін арнайы бөлімдер жұмыс істейді. Қалыпты өмір ырғағын бұзатын жағымсыз әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылатынын әркімнің білуі маңызды. Жасыратыны жоқ, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нәзік жанжылар көбірек ұшырайды. Әйелдерге қатысты кемсітуді жою мақсатында Қазақстан Республикасы 1998 жылы 29 маусымда әйелдерге байланысты кемсітудің барлық түрін жою жөнінде БҰҰ Конвенциясына қосылып «Әйелдердің саяси құқықтары туралы», «Тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы» конвенцияларды бекітті.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin