Қазақстан Республикасының салық жүйесі нарықтық экономиканың маңызды, белсенді элементі болып табылады. Түркістан облысы салық саясатын есепке ала отырып, өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық әл аухатын жақсарту бағытында толағай жұмыстарды атқарып келеді. Шындықты бейнелейтін ғылыми негізделген жүйенің болуы экономикалық процестерге оңды әсер етіп, келеңсіз құбылыстарды жойып, өркениетті құқықтық қатынастарды бекітуге ықпал етеді. Экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің негізгі құралдарының бірі-салықтар. Салықтардың экономикалық категория ретіндегі маңыздылығы –ол мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызатын мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік беруі. Сонымен қатар, ол – салық төлеушілердің мемлекет алдындағы міндеттерін айқындап, мемлекеттік бюджетті қалыптастыруға, фискалдық және экономикалық процестерді ынталандыруға бағытталған реттеушілік қызметтерін атқарады. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің проблемасы қазіргі жүргізіліп жатқан реформалар тәжірибесінде өте маңызы зор мәселелердің бірі. Қазақстан территориясында қызмет көрсететін барлық салықтар мен алымдардың түрлері арасында елеулі орынды табысқа салынатын салықтар иемденген. Мемлекет салықты қолдана отырып мынадай негізгі мақсаттарға жетуді көздейді: Тұрақты экономикалық өсуге жету; Жұмысқа қабілетті барлық тұрғындарды толық жұмыспен қамту; Тұрғындардың нақты, минималды табыс деңгейін қамтамасыз ету; Азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесін игеру; Табыс пен байлықты қайта бөлу. Салықтың өзектілігі тұрғындардың өмірлік деңгейін реттеуге, жеңілдіктер жүйесінің көмегімен халықтың кедейленген бөлігін әлеуметтік қорғауға алуға, сонымен қатар инвестициялық және кәсіпкерлік қызметтерді ынталандыру немесе шектеуге, жоғары салықтарды төлеуге қабілетті тұрғындар есебінен бюджеттің тұрақты кірістерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақалада «Қазақстанның салық саясаты:мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизмі» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды.1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан-жақты қамтуға арналған мақала.
Jsk ақпараттық агенттігі