• 26 декабря, 2024 6:08 дп

Жаппай шекешелендіру – экономиканың бір бөлшегі

Автор:admin

Июн 12, 2024

Түркістан облысында жаппай жекешелендіру үшін бюджеттік мекемелердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында реформаға сәйкес келелі жұмыстар атқарылуда. Жаппай жекешелендіру кезінде шағын, ірі кәсіпорындар, зауыттар мен фабикалар инвестициялық купондарға сатылды, осы кезде ел экономикасына шетел инвесторлары келді, ауыл шаруашылығы бұрынғы колхоз, совхоздардың мал-мүліктері үлескерлерге бөлініп берілді. 1997 жылдан бастап жекешелендіру отын-энергетикасы, денсаулық сақтау, білім, ғылым салаларында өтті. Бұл процесс тек қана экономика саласына ғана емес, білім, ғылым, медицина салаларына көптеген жаңалықтар әкелді. Бірақ кейбір стратегиялық маңызды салалар — білім, мәдениет, медицина, әскер, т.б. салалар нарыққа көшуге негіз болмаған жағдайда жекешелендірілмей, мемлекеттің меншігінде қала берген дұрыс еді. Кез келген реформа мемлекетке бірден жағымды нәтижелер бермеуі мүмкін. Қазіргі таңда жекешелендірудің барлық механизмдері жетілдірілді, халықтың экономикалық білімі, мамандардың біліктіліктері, кәсіпкерлердің дайындықтары жоғарылады. Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, «бүгінгі Қазақ, кешегі Қазақ емес». Сонымен қатар мемлекет жекешелендіруді өткізу технологияларын өзгертті, электронды сауда алаңы арқылы ұйымдастыруды тәжірибеге енгізді. Оған «Халыққа қызмет көрсету орталықтары», «Egov.kz» сайттары, «Халықтық ІРО» бағдарламалары тиімді, «Электронды үкімет» жүйесі сенімді жұмыстар жүргізу арқылы осы жұмыстарды жетілдірді. Жоғарыда айтылған қызмет көрсету жүйелері алдымен мемлекет билігінің тиімді жүргізіліп келе жатқан саясатының көрінісі және қоғамның талабы. Бұл жүйелер, біріншіден, азаматтардың уақытын үнемдейді, қағазбасталықты жояды, екіншіден, халықтың билікпен байланысы орнайды, жемқорлық көрсеткіштерін азайтады, үшіншіден, азаматтардың билікке деген сенімі артады. Саясатта ең алдымен халықтың мінез-құлқын ескеру керек, яғни бихевиористік әдісті қолдану маңызды. («Бихевиоризм» (ағыл. Behaviour — мінез, жүріс-тұрыс). Жеке тұлғалардың саяси ұстанымдарын, саяси оқиғаларды бағалауын, көзқарастарын, көңіл күйін, ең бастысы, сенімдерін қалыптастыру.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin