• 29 ноября, 2024 8:23 дп

ЖАС КӘСІПКЕР 60-ҚА ЖУЫҚ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

Автор:admin

Авг 1, 2023

Президент Қасым Жомарт Тоқаев, қазір еңбек нарығында жастардың үлесі артып келетініне тоқталып, үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берген болатын. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс. Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн деді.  «Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар», деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек,  жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге бөлінгенінде жеткізген.  Осы орайда, қалалық жастар орталығы жастарды кәсіп ашуға баулу мен ынталандыру мақсатында  «Жас кәсіпкермен сұқбат» айдарын қолға алған.  Біздің  кезекті кейіпкеріміз — Маметин Исабаев. Ол – «NAPPА» атауымен танылған, табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім өндіреді. Кәсібін дөңгелетіп отырғанына 5 жылдан асқан кәсіпкер, осы жыл аралығында 60-қа жуық адамды жұмыспен қамтыған. Қолданыстағы тауарларға қашанда сұраныс көп. Осы мақсатта, мен аяқ киім өндірісін қолға алдым. Бүгінде өндіріс орнымның ауқымы кеңейіп, жұмысым күннен-күнге ілгерілеп келеді. Кәсіп бастау ниетінде жүрген жастарға айтарым, тәуекелшіл бола білу қажет дер едім, — деді жас кәсіпкер Маметин. Бүгінде біреуге жалданып жұмыс істегеннен гөрі, жеке кәсіп бастауды қалайтындардың саны артып келеді. Сонымен қатар шалғай аймақтарда, ауылдық жерде бизнеспен айналысуға болатыны дәлелденіп, тұрғындардың қабілет-қарымын арттырып, жаңа бағытқа баулу қолға алынған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бастау» жобасын жүзеге асырып келеді. Қазақстанда 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа кәсіпкерлік негіздері білімі берілді. Оның ішінде 3314 азаман бизнесін ашты әрі кәсібін ұлғайтты, 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл жоба ауқымы кеңейді: аудандар саны 80-нен 160-қа дейін артып, қатысушылардың саны да екі есе өсіп, 30 мыңға дейін жетті. 2023 жылы жоба арқылы 160 ауданға қоса, 41 моноқала мен облыс орталығы қамтылмақ. «Бастау» – шағын кәсіпкерлікті дамытудың тетігі ғана емес, жаңа жұмыс орнының ашылуына да септігін тигізетін жоба. Ауыл азаматтары шалғайдан жұмыс іздемей-ақ, өз ауылдарында табыс табу мүмкіндігін пайдалана алады.

Jsk ақпарат

Автор: admin