• 20 сентября, 2024 11:49 дп

Жаңа Жолдау- әскер өміріне жаңа серпін береді.

Автор:admin

Сен 5, 2024

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті халыққа Жолдауы өзінің маңыздылығымен ерекшеленді.Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы дәстүрге айналып отыр. Шынында да жыл сайын Мемлекет басшысынан нақты міндеттер мен тапсырмалар күтеміз. Бұл жолыда қазақ жұртының Жолдауды үлкен үмітпен күткені рас.Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың осы жылғы жолдауы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Жолдауда Қазақстанның жаңа дәуірдегі даму жолдары айқындалуы тиіс еді. Солай болды да! Мемлекет басшысының осы жолғы жолдауындағы жаңа экономикалық бағыттарының мазмұны мен сипаты көптің көңілінен шықты деп ойлаймын.

Мен үшін осы жылғы Жолдау – ел дамуындағы негізгі бағыттарды айқындап бергендей. Әрине, Жолдауда саяси, экономикалық, әлеуметтік тараппен қатар әскер қатарындағы заң мен тәртіптің сақталуына да көңіл бөлді. Мемлкет басшысы өз сөзінде:«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Оан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуы тиіс. Қарулы күштер басқада күштік құрлымдар осы  талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылығы жауапты» — деді.

Қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасмәдениетінің өзгергенін ескеріп: «Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әріарттыра түсу үшін бәріміз адал, әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекететуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек»,- деді Президент

Осы орайда біздің  Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскерлерінің алдында зор міндеттер тұр. Ең бастысы мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау, қала көшелеріндегі заң мен тәртіпті сақтау жолында жауынгерлік әзірлікті одан әрі күшейте түсуіміз қажет. Ол үшін Ұлттық ұлан әскерлерінің әр әскери қызметшісі өзінің жеке жауапкершілігін арттырып,   кәсіби шеберлігін пысықтап, әскери өмірде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды естен шығармағаны жөн.

Әрине, Қазақстанның ішкі тыныштығыжолында қызмет атқарып жүрген біздер де еліміздің саяси-экономикалық ахуалына бей-жайқарай алмаймыз. Біз Президентіміз жолдауындакөрсеткен әр бір тапсырманың орындалуы үшінқажымай қызмет атқарамыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы

6506 әскери бөлім командирі

полковник Марат Рахпанов

Автор: admin