• 24 сентября, 2024 3:26 дп

Жекешелендіру бағыты – экономиканың тиімділігін арттырмақ

Автор:admin

Июл 24, 2024

Жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың  және заңды тұлғалардың мемлекеттік  меншік объектілерін немесе мемлекеттік  акционерлі қоғамдардың акцияларын  сатып алу. Жекешелендірудің басты  мақсаты – жекшелендірілген кәсіпорындарда  экономикалық өсуі арқасында  ұлттық экономиканың тиімділігін  арттыру. Сонымен қатар, мемлекетік  бюджет тапшылығын азайту.Яғни, жекешелендірудің  мақсаты — өндірісті монополиясыздандыру, бәсекелестікті дамытуды, сыртқы  экономикалық қызмете мемлекеттік  монополияны бірте-бірте жоюды  және жекешелендіру елге шетелдік  инвестициялар мен импорттың  қажетті мөлшерін әкелуді қамтамасыз  ету.Иемдену қоғамдық өндірістің  мәнін білдіреді. Иеліктен айыру  – сол немесе басқа экономикалық  ресурсты, қоғамдық қатынастардағы  субъектінің өзінің өмірлік қызметінің  игіліктерін иемдену үрдісі және  мүмкіндігі. Қоғамдағы топтар мен әр түрлі  таптардың жағдайы және олардың  өндірістің  барлық факторларын  пайдалануға қолы жету мүмкіндігі  меншікке тәуелді. ҚР Конституциясының   6-бабында  меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік  танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік  пайдалану қоғамдық игілікке  қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері  мен субъектілері, меншік иелерінің  өз құқықтарын жүзеге асырудың  көлемі мен шектері, олардың қорғау  кепілдігі заңда белгіленеді. Кез келген кәсіпкерлік қызмет  белгілі бір ұйымдастыру нысаны  шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның  нысанын таңдау жеке ынта мен  талғамға байланысты, бірақ басты  жағдайда объективті жағдаймен  – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың  болуымен, кәсіпорынның болжамды  нысанының жағымды және жағымсыз  жақтарымен байланысты.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin