• 26 ноября, 2024 4:13 дп

Жекешелендіру – жеке сектор үлесін ұлғайтады

Автор:admin

Июл 12, 2024

Еліміз егемендігін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен бірқатар экономикалық реформалар жүзеге асырылды. Сол елімізді реформалау бағытындағы бірден-бір негізгі кезеңдердің бірі мемлекеттік меншікті жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу бағдарламасы болды. Жекешелендірудің осы кездегі толқыны нарықтық экономиканың негіздерін берік ету мақсатында жүргізілуде, және осы бағдарламаның негізгі идеясы – елдің жеке бизнесінің одан әрі дамуына серпін беру. Жекешелендіру бағдарламасының мақсаты бизнеске мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту болып табылады. Бұл оған жеке сектор үлесін ұлғайту есебінен экономиканың негіздерін күшейтуге бағытталған Мемлекет саясатымен  өзара байланысты.  Мемлекеттік меншіктің үлесі 2030 жылға дейін ЭЫДҰ елдерінің деңгейі – ЖІӨ 15%-на дейін жеткізілуге тиіс.  Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурс­тарды барынша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Аталған тапсырманы іске асыру үшін Үкімет «Жекешелендірудің 2016-2030 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарын» қабылдады. Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде облыс көлемінде 37 нысан, оның ішінде қала бойынша 8 ұйым жекешелендірілуі тиіс болатын. Бүгінде бәсекелес ортаға берудің межелеген жоспары толығымен орындалып отыр. Жекешелендіру – жаппайсатунауқаныемес. Саналытүрдесараланған сала экономикағасәл де болсынпайдаәкелуішарт.  Қазіргі мемлекеттік меншікті жекешелендіру үрдісі өзінің тиімділігі жайлы көп сауал туғызады. Жұрттың көбісі ол іс-шараның пайдасы бар ма және ол неде деп сұранады. Кәсіпкерлік үшін бірқатар көрініс өнімді бола алады. Біріншіден, жеке кәсіпкерлік нарығы мемлекет оған бірнеше экономика секторларын бергендіктен өседі. Егер бұрын мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік тапсырыс алатын болса, олар жеке кәсіпорындармен бәсекелестікте әрдайым жеңетін. Осы теңсіздікті жою Қазақстанның жеке кәсіпкерліктерінің экономикасын ілгерілетеді. Екіншіден, жекешелендірумен қатар кәсіпкерлікті және оның менеджментін басқарудың инновациялық әдістерін қолдануға болады. Үшіншіден,  кәсіпкерлер үшін инвестициялаудың көптеген жаңа бағдарларының мүмкіндіктері ашылады. Төртіншіден, қызметтердің көлемдері мен түр-түрлері өседі, ал ол өте маңызды. Әлбетте, осымен қатар, осы артықшылықтардан халық үшін пайдалы бастамалар туындайды. Нәтижесінде қоғам, сапасы мен әр түрлілігі кең, ал бағасы бәсекелестік арқасында азайған қызметтер алады. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызды компаниялар белгілі бір шартпен сатылады – оны сатып алушы жұмыс орнын сақтап, компанияның салалық қызметі мен әлеуметтік мәселелер бойынша міндеттемесін өз мойнына алуы тиіс.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin