• 10 ноября, 2024 5:41 дп

Жекешелендіру – экономиканы мемлекетсіздендірудің бір бөлшегі

Автор:admin

Авг 21, 2024

Республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім жеткізуді және республикалық мақсатты бағдарламаларды орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік тапсырысшыларды бекітеді. Мемлекеттік тапсырысты атқарушы биліктің республикалық органы, республикалық қазыналық кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме жасай алады. Мемлекеттік тапсырысшылар мемлекеттің мүддесін ойластырып республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім жеткізуді ашық және (немесе) жабық сауда-саттық, конкурс, аукцион өткізу арқылы орналастыра алады. Мемлекет мемлекеттік мақсатты бағдарламалар деп аталатын маңызды құрал арқылы да ықпал етеді, осы мақсатта ұзақ мерзімді немесе орта мерзімді мақсатты бағдарламалар әзірленеді. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты (сондықтан ол мақсатты деп аталады) және міндеті болуы тиіс, сонымен бірге бағдарламада нақты сапа және сан көрсеткіштері, аралық және негізгі мақсатқа жетуге арналған іс-шаралар жүйесі, ресурстар, нақты орындаушыларға берілетін тапсырмалар, сондай-ақ жекелеген іс-шаралар мен жалпы бағдарламаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері көрсетілуі тиіс. Мақсатты бағдарламада барлық бағдарламалық іс-шаралардың өзара байланысты болуы мен осы іс-шараларды қаржы ресурстарының жобаланатын көлемдерімен өткізудің кезектілігі, сондай-ақ салалық және өңірлік мәселелерді келісіп әрі кешенді түрде шешуді қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік тапсырысшы осы бағдарламаны басқарып, оның орындалуын бақылайды, сондай-ақ бағдарламадағы іс-шаралардың іске асырылуының тиімділігін бағалайды. Тікелей мемлекеттік реттеу әдістері шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жанама және басқа да тікелей әдістердің элементтерін де қолдануға болады. Атап айтқанда, республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім жеткізушілерді экономикалық жағынан ынталандыру үшін оларға пайда салығы (табыс) және (немесе) жеңілдікпен кредит берілуі мүмкін. Сондай-ақ материалдық-техникалық ресурстардың аса маңызды түрлерін жеткізуді жүзеге асыратын жеткізушілер мен осы ресурстарды жасайтын жасаушы-кәсіпорындар үшін көрсетілген ресурстарды мемлекеттік тапсырысшыларға (жеткізушілерге) міндетті түрде сату (мемлекеттік броньдау) жөнінде арнайы квота және (немесе) мақсатты дотация мен субсидия белгіленуі мүмкін. Мақсатты дотация мен субсидияны пайдалану әкімшілік реттеудің жеке әдісі ретінде бөлінеді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin