• 26 декабря, 2024 6:19 дп

Жекешелендіру – экономикаға оң әрсерін тигізді

Автор:admin

Июн 12, 2024

Мемлекетіміз алыс, жақын шетелдермен саяси, экономикалық, мәдени байланыстар орнатқан, көпвекторлы ел. Соның бір көрінісі — дамыған мемлекеттерде азаматтарымыз білім алу, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік алған «Болашақ» бағдарламасының қазір он мыңнан астам түлектері мемлекетіміздің түрлі құрылымдарында қызмет етіп жүргені. Аталмыш бағыт бойынша Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Бір бағдарламаның өзі еліміздің экономикалық күш-қуатын арттыруға, халықтың әл-ауқатының жақсаруына үлес қосып жатыр. Жоғарыда аталған жекешелендіру процесінің дұрыс жүріп, жүйелі жұмыс жасауы да мемлекеттік бағдарламалардың және халықтың белсенді қатысуының негізінде болады. Бұл процесс жеке тұлғаларды үлкен компаниялардың үлескеріне айналдырады, түпкілікті мақсат — шетелдердегі отандық ірі кәсіпкерлердің қаржысын елге қайтару, мемлекеттің қор нарығын дамыту. Жекешелендіру түрлі құрылымдардың қызметтерін өзгертеді, халық жеке секторлардың қызметтерін пайдалану арқылы нарыққа бейімделеді. Бірақ Қазақстан әлеуметтік мемлекет болғандықтан, кейбір әлеуметтік салалар (мектеп, балабақша, қарттар үйі, балалар үйі, т.б) мемлекеттік болып қала беруі керек. Жекешелендіруге акцияларды шығару олардың шарттарын түсіндіру негізінен «Самұрық Қазына» қорына берілген бұл саланың мамандары нысандар бойынша түсіндіру жұмыстарын, ірі инвесторлар үшін семинарлар өткізіп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары жарнама, конференциялар жасау арқылы қаржысы бар, бірақ оны пайда табу көзіне дұрыс орналастыру үшін тиімді, түсінікті шараларды көбірек жасау қажет. Жекешелендіруден нарықта туындайтын тағы бір мәселе, кедендік одаққа мүше мемлекеттер Ресей мен Белоруссияның кәсіпкерлері біздің елдегі өндірістердің акцияларын сатып алуы мүмкін, өйткені үш мемлекетте бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптасқан. Шетел инвесторларын, компанияларды ішкі нарыққа араластыру барысында дұрыстап зерттеп талдаулар жасау маңызды. Сондықтан халық, елдегі ірі кәсіпкерлер жекешелендіру процесіне белсенді араласып, өндірістегі өз үлестерін көбейтіп, қаржысын пайдалы, тиімді экономикалық салаларға салуы қажет. Ел өндірістерінің үлесі өз азаматтарымызға тиесілі болса, біріншіден, шағын және орта бизнес дамып, жұмыс орындары көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарады, екіншіден, қаржы өз нарығымызда қалады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin