• 27 декабря, 2024 7:12 дп

Жекешелендіруді жеделдету – кезек күттірмейтін мемлекеттік маңызы бар реформа

Автор:admin

Июн 11, 2024

Түркістан облысында жекешелендіру бағытындағы жұмыстарды әрдайым жандандырып келеді.   Сонымен, жекешелендіру дегеніміз – азаматтардың жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік меншік объектілерін немесе мемлекеттік акционерлі қоғамдардың акцияларын сатып алу. Жекешелендірудің басты мақсаты – жекшелендірілген кəсіпорындардың экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру. Жəне де, мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту. Қазіргі таңда еліміздің экономикасы əлеуметтік-экономикалық жаңғырту мен дамуының алғашқы сатысында. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында айтып өтті: «Үлкен жауапкершілікпен айтуға болады: еліміз ауыспалы кезеңді сəтті аяқтап, өзінің дамуының жаңа кезеңіне нық басып келеді. Əрине, бұл оңай бастама емес, оны жүзеге асыру үшін экономикада біртұтас жүйені қалыптастырып, жаңа білімді дүниежүзілік рынокта бəсекеге қабілетті бола алатындай инновациялық техника мен технологияға, тауарлар мен қызметтерге, мекемелерді басқарудың түрлері мен əдістеріне бұру қажет. Жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды жан-жақты нығайтып, жекешелендіру жұмысын жалғастыру жəне барлық деңгейде жеке меншік институты мен контрактілік қатынастарға құрмет сезімін тəрбиелеу қажет. Ол бір мезгілде адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері үшін негіз қалау. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігінің ережесін айқын анықтайтын контрактілік қатынастарды жетілдіруге қажетті тиісті шаралар қолдануға тиіс». Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу жəне жекешелендіру жоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нəтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандағы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу жəне бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады. Жекешелендірудің мақсаты: 1. Кəсіпорындарды мемлекет иелігінен алу. 2. Кəсіпкерлікті дамыту. 3. Еркін баға орнату. 4. Жеке меншік секторлар құру. 5. Бəсекелестік ортаны қалыптастыру. Сондай-ақ – өндірісті монополиясыздандыру, бəсекелестікті дамытуды, сыртқы экономикалық қызметте мемлекеттік монополияны бірте-бірте жою жəне жекешелендіру арқылы елге шетелдік инвестициялар мен импорттың қажетті мөлшерін əкелуді қамтамасыз ету. Нарықтық экономиканың дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу жəне жекешелендіру жоспары жасалды. «Монополиялық қызметтің шектелуі туралы» заң қабылданды. Оның мақсаты: — нарықты басқару тетігін енгізу; — ерікті бақталастық пен кəсіпкерлікті, сұранымдылықты қорғауды қамтамасыз ету; — тұтынушылардың мүддесін қорғау. Бұл заңда монополиялық басқару құрылымын тарату, тауар нарқында сапасыз бақталастықты жою шаралары белгіленген. Іскерлік белсенділіктің өсуі банктік құрылымның жаңа түрінің қалыптасуына əсер етті, бірақ құрылымдық өзгерістер республикада материалдық əл-ауқатты жақсартпады. Өндірістік тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету қысқартылды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin