• 11 сентября, 2025 4:10 пп

ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІ — ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАҒДАРШАМЫ

Автор:admin

Сен 11, 2025

Түркістан облыстық мәслихатыныңтөрағасы Нұралы Әбішовтың төрағалығыменМемлекет басшысының Қазақстан халқынаЖолдауына қолдау білдіру, нақты міндеттермен алдағы жоспарларды талқылау бойыншажиын өтті.

Жиынға облыстық мәслихаттыңәлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттықэтика мәселелері жөніндегі тұрақтыкомиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыстық денсаулық сақтау басқармасыныңбасшысы Асхан Байдуалиев және облыстықмәслихат аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ, барлық аудан, қалалық мәслихаттөрағалары бейне-конференц байланысарқылы қатысты.

«- Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер жәнеоны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылышешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыеліміздегі маңызды құжаттардың бірі. Жолдаужасанды интеллект және цифрлық даму, инвестиция тарту, туризмді дамыту, су жәнеинфрақұрылым, спорт және тағы басқасалаларды қамтып отыр. Маңызды құжаттакөтерілген бұл мәселелердің барлығықазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардыңөмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруғабағытталған.

Сондай-ақ, Президент елімізге инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғыртып, әсіресе өңдеусаласына көбірек қаражат тарту қажеттілігінетоқталды. Инвестиция тарту қашан да маңызды мәселе. Сондықтан, инвестициялартарту ісінде белсенді түрде әрекет етіп, инвесторлар үшін неғұрлым оңтайлыжағдайлар жасауға әрдайым ұмтыла беруімізкерек деп ойлаймын. Жолдауда айтылғанжұмыстарды еңсеру арқылы мемлекетіміз өздамудың жаңа деңгейіне көтерілетіні сөзсіз. Сондықтан, баршамыз Президентіміздіңбастамаларын қолдап, бірлігіміз бен ынтымағымызды бекемдеп, жұмыла жұмысістесек алға қойған мерейлі мақсаттарға қолжеткізетініміз анық» — деді, НұралыӘлмаханұлы.

Сонымен қатар, барлық депутаттардыауыл аймақтардағы тұрғындармен кездесукезінде Жолдауды насихаттап, тиістіжұмыстарды ұйымдастыруға атсалысуғашақырды.

Жиынның күн тәртібінде жеке меншікмедициналық қызмет көрсететін процедуралықкабинеттердің жұмысы туралы да айтылды. Бұл бағытта өңірде уақытша депутаттықкомиссия құрылып, түсіндірме жұмыстарынжүргізу және аталған бөлімшелердіңқызметімен танысу ұсынылды.

Себебі, халықтың саулығы мен келеңсізжағдайлардың алдын алу маңызды. НұралыӘлмаханұлы мен облыстық денсаулық сақтаубасқармасының басшысы Асхан Байдуалиевбұл бағытта өңірдің барлық депутаттарыбелсенділік танытатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысының Жолдауында да медицина саласына және салауатты ұлтқалыптастыруға қатысты нақты бағыттарайқындалған болатын.

Сондай-ақ, жиында облыстағы барлықмәслихаттар арасында кіші футболдан турнир өткізу туралы талқыланды. Бұл сайысдепутаттар арасында дәстүрге айналған. Халық қалаулылары салауатты өмір салтыннасихаттап, өңірдегі бұқаралық спорттыдамытуға серпін беретін жобаларды барыншақолдап келеді.

Түркістан облыстық мәслихаты

Автор: admin