• 19 сентября, 2024 11:35 пп

Жүргізушілерге өтініш, немқұрайлық танытпаңыздар!

Автор:admin

Авг 1, 2024

«Көк түсті жарқылдауық маягі іске қосылған және арнайы дыбыс сигналы бар көлік құралы жақындаған кезде жүргізушілер аталған көлік құралының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті» Жол ережелерінде осылай жазылған. Өкінішке орай, барлық жүргізушілер шақыруға асығып бара жатқан арнайы көлікке жол беруді өздерінің міндеті деп санамайды. Нәтижесінде -өрт сөндірушілер шақыру орнына жедел жете алмайды және ТЖ-ны дер кезінде жоя алмайды. Осы орайда Шымкент қаласының өрт сөндірушілері қала көшелерінде арнайы рейд жүргізді. Рейд бір сағатқа созылды. Өрт сөндіру қызметінің автокөлігі арнайы дыбыстық сигналды қосып, өтуге қиын көшелер бойымен жүріп өтті. Өрт сөндірушілердің артынан жергілікті полиция қызметкерлерінің автокөлігі жүріп отырды. Бір қуанатын жағдай Шымкент қаласының жүргізушілерінің көбі арнайы көлікке жол берді. Алайда арасында арнайы автокөлікке жол бермеген жүргізушілер де кездесті, нәтижесінде 2 жүргізушіге хаттама толтырылды.
Жол қозғалысына қатысушылардың көбі жедел қызметтің көлігіне жол бермеген жүргізушілердің ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылатынын түсіне бермейді. Бұл бұзушылық жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Өрт сөндірушілер және құтқарушылар автокөлік иелеріне жолда мұқият болуды сұрайды. Көмек бәріне қажет болуы мүмкін. Немқұрайлықтың салдарынан адамдардың зардап шегуіне жол бермеу керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны,  жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады. Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман — есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin