• 16 июня, 2025 6:11 пп

ЖҰЛДЫЗ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАҚСАРТЫЛУДА

Автор:admin

Июн 11, 2025

 

Шымкент қаласында инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ауқымды жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның бірі – Жұлдыз индустриялық аймағы. Бұл өндірістік алаң жалпы 306 гектар аумақты қамтиды және бүгінде онда 69 кәсіпорын орналасқан.
Аталған аймақта инфрақұрылымдық жағдайды жақсарту бағытында нақты жұмыстар қолға алынуда. Осыған орай, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдерімен бірлесіп көшпелі жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында қатысушылар Жұлдыз индустриялық аймағын аралап, ондағы инфрақұрылым нысандарымен танысты.
Индустриялық аймақтағы инженерлік-коммуникациялық жүйелердің жай-күйі сараланып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Бұл шаралар өндіріс алаңындағы кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне және жаңа инвестициялық жобаларды тартуға мүмкіндік береді.
Жұлдыз индустриялық аймағы – Шымкент қаласының экономикалық дамуына серпін беретін маңызды өндірістік орталықтардың бірі болып табылады. Алдағы уақытта бұл аймақта жаңа жобаларды іске асыру мен жұмыс орындарын көбейту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Автор: admin