• 31 января, 2025 8:59 дп

Заң жүзінде рұқсат етілген қауіпті өнім

Автор:admin

Май 7, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы темекі тұтынатын халықты осы бір зиянды әдеттен аулақ болуға үндейді. Оны Президентіміз өз Жолдауларында анық әрі айқын айтып жүр. Шымкент қаласының әкімдігі де қала тұрғындарын темекі өнімдерінен аулақ болуын сұранады. Темекі – адам өліміне себеп болса да, тұтынуға рұқсат етілуі заңдастырылған жалғыз қауіпті өнім. Темекінің құрсауында қалғандардың үштен бірі, кейде тіпті, тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын жан тәсілім етеді. ДДСҰ өкілдері жер шарында 10-24 жас аралығындағы 1,8 миллиард жастардың шылым шегетінін хабарлайды. Бұл көрсеткіштің жылдан-жылға кемімей, арта түсуінің өзі өкінішті-ақ. Тәулігіне 10-12 шылым тартатындар жылдық уақыт өлшемімен есептегенде, темекіге 24 күнін жұмсайтын көрінеді. Темекі Еуропа мен Азияда 15 ғасырда, тіс ауырғанда қарсы дәрі ретінде қолданылған. 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз арал (қазіргі Америка) жағалауына тоқтағанда, арал тұрғындары күнге кептірілген өзара «петум» деп атайтын бүктеулі жапырақты қонақтарға ұсынады. Колумбтың екінші саяхатынан кейін темекі дәні алғаш Испанияға, содан әлемге жайылып кеткен. Темекінің кеңінен етек жайған себебі – оның адам ағзасына тәуелділік тудыратын қасиетінде. Темекі – адам ағзасы үшін ойлап тапқан ең зиянды дүние болып табылады. Шылымның түтінінде 30-дан астам улы заттар бар. Темекінің 1-2 қорабында никотиннің адамды өлтіретін өлімдік мөлшері у болады. Никотин уын қабылдаған адамды өлімнен құтқаратыны зиянды заттардың ағзаға бірден емес, біртіндеп енуі. Темекі түтініне ерекше иіс пен дәм беретін, адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық қоспа бар. Никотин – темекіде және басқа өсімдіктердің құрамында болатын алкалоид шылым шеккен кезде ағзаға бірден сіңіп кетеді. Өз кезегінде бұл химиялық элемент жүйке жүйесіне қоздыру әсерін беретін, мүшелердің салдану қауіпін тудыратыну. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, әлемдегі 2 миллиард жас өспірімдер темекінің түтінімен уланған. Ал Қазақстан халқының 5 миллионы шылым шегеді. 600 мыңнан астамы қыз-келіншектер болса, 140 мыңы – 13-15 жас аралығындағы жеткіншектер. Қазақстандықтардың басым бөлігі жиырмаға толмай жатып, темекінің дәмін татады екен. Өкініштісі, елімізді жылына – 25 мың, күніне 70 адам шылымның кесірінен туындаған дерттерден көз жұмады екен.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin