Қазіргі таңда интернет өміріміздің барлықсаласына енді. Бірақ цифрлық мүмкіндіктерменбірге интернет алаяқтық қауіпі де артып келеді. Алаяқтар әлеуметтік желілер, мессенджерлер, жалған сайттар мен қоңыраулар арқылыазаматтардың жеке және қаржылық мәліметтеріналдап алуға тырысады.
Түркістан облысында интернет-алаяқтық қылмыстары 46,5% (303-тен 444-ке) жоғарылаған.
Интернет –алаяқтықтың басым көпшілігі Бәйдібек 300,0% (1-ден 4-ке), Ордабасы 80,0% (15-тен 27-ге), Түлкібас 163,6% (11-ден 29-ға) аудандарында Кентау қаласында 238,5% (13-тен 44-ке) жоғарылаған.
Тіркелген интернет-алаяқтық қылмыс тәсілдеріне келетін болсақ, ең жиі кезедесетін түрлері келесідей:
Киберқылмыскерлер өз мақсаттарын іске асыру үшін интернет-технологиялардың, әртүрлі электрондық төлем жүйелерінің және жасанды интелект күштерін теріс мақсатта кеңінен қолдануда.
Алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері — өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, карта деректері мен СМС-кодтарды сұрау, күмәнді сілтемелер жіберу, интернет-дүкендер арқылы жалған тауар сату. Мұндай жағдайлардан сақтану үшін әрбір азамат қарапайым ережелерді ұстануы қажет.
Осыған орай, жеке мәліметтеріңізді ешкімге бермеңіз, белгісіз сілтемелерге өтпеңіз. Жаңартылған антивирус пен екі факторлы қорғанысты қолданыңыз. Күмән туындаған жағдайда, бірден банкке немесе құқық қорғау органдарына тікелей хабарласыңыз.
Есіңізде болсын: сақтық – интернеттегі қауіпсіздіктің басты шарты.
Торебеков Айдын
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы
#Заң_және_Тәртіп
#Закон_и_Порядок