• 10 ноября, 2024 5:09 дп

Келесі жылдан бастап емханаларға талап күшейтілмек

Автор:admin

Авг 17, 2023

Алдағы жылдан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 10 мыңнан аз тіркелген халқы бар алғашқы медициналықсанитариялық көмек көрсететін ұйымдармен шартқа отырмайды деп жоспарлануда. Бұл медициналық мекемелер арасында қаржыны тиімді бөлуді қамтамасыз етіп, пациенттердің қолжетімді, сапалы және уақтылы медициналық көмекке құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Өзгертілген бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.  Олар құп көрсе, Қормен жұмыс жасайтынмедициналық ұйымдарды да айналып өтпейді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы Сәбит Ахметов Түркістан облысының медициналық қоғамдастығымен кездесу барысында хабарлады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Биыл 1900-дан астам мекеме Қормен шарт жасасты, ал шамамен оның700-і алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетеді. Бұл ретте емханалардың көбі Алматы мен Түркістан облыстарына тиесілі. Соңғысында 59 медициналық ұйым қызмет ұсынады.

Әрқайсысы кешенді норматив арқылы қаржыландырылады, яғни әр тіркелген пациентке ай сайын Қор төлейді. Осылайша, емханада халық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым көп қаражат алады. Ал 10 мыңнан аз, кейде 2 мың адам тіркелген медициналық ұйымдарға қаржылық тұрғыдан қиынға соғады. Оларға шамалы бюджетпен қыруар шығынды еңсеруге тура келеді. Атап айтар болсақ, ғимаратты күтіп ұстау, жалақы төлеу, бейінді мамандарды тарту, коммуналдық шығындарды төлеу және жабдықтар, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу керек. Сондықтан көптеген медициналық ұйымдар 90%-ға жуық медициналық қызметтібірлесіп орындауға беруді жөн көріп, бір жалпы тәжірибелік дәрігер мен медбикенің күшімен жұмыс істейді. Бейінді маманнан кеңес алу немесе тексерілу үшін әр түрлі медициналық мекемеге жолдамамен баратын пациенттерге ауырға соғады. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігі туралы айтылған қағиданы бұзады.

«Адамдар денсаулығын сіздерге сеніп тапсырады. Сол себепті халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету сіздердің міндетіңіз болса, біз сеніп тапсырылған ақшаны көрсетілген қызметтер үшін тиімді бөлуіміз керек. Әркім өз ісімен айналысып, оны сапалы орындауға тырысуы шарт. Біз сатып алу ережелері қайта қарап, өзгерістер қабылданса, келесі жылдан бастап 10 мыңнан аз адам тіркелгенемханалармен шарт жасалмайды. Ал бұрыннан Қормен шарт жасасқан мекемелердің пациенттерді тіркеп, халық санын арттыруға уақыты бар.  Ал емхана қажет халық санын жинай алмаса, олармен шарт жасалмайды, — деді Сәбит Ахметов.  

Қор басшысының ойынша, бұл жерде денсаулық сақтау басқармасы үлкен рөл атқарады. Себебі олар өңірдегі жағдайдан құлағдар, яғни халықты емханаларға біркелкі бөліп, медициналық жабдықтарды сатып алуға көмектеседі және медициналық көмек көрсетуге жеке инвесторларды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде тартып, медициналық көмектің қолжетімділігіне жауап береді. Ал Түркістан облысында 2 млн астам адам тұратынын әрі тұрақты өсу үрдісі бар екенін ескеретін болсақ, жеке инвесторлар үшін бұл өте тартымды болмақ.

«Біз медициналық ұйымдарды мемлекеттік немесе жекеменшік деп бөліп- жармаймыз. Қорбілікті мамандар жұмыс істейтін,материалдықтехникалық жағынан жарақтандырылған емханалармен шарт жасасады», — деп атап өтті Сәбит Ахметов.

Басқарма төрағасы 3-5 айдың ішінде адам санынондаған мың адамға арттырып, сәйкесінше мекеменің дамуына қыруар қаржы алған Қарағанды және Астана емханаларын мысалға келтірді. Онда бейінді сала мамандары жұмыс істейді әрі толық жабдықталған  (ультрадыбыстық аппараттар, КТ, МРТ).

Алайда, жекеменшік клиникалардың құрылтайшылары желдеткіштерді тиісті көлемде алмай, күрделі жөндеу кезінде үнемдеп, жабдықтарды жаңартпай жатады.  Қор басшысы Түркістан облысының медициналық ұйымдарын аралау кезінде сондай нысанды көрсетіп, Қормен ары қарай жұмыс істеу үшін сапаға назар аударып, стандартқа сәйкестендіруді тапсырды. Кері жағдайда, медициналық ұйымдармен шарт бұзылады.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев аймақ халқының 75%-дан астамы ауыл  азаматтары екенін тілге тиек етті. Оларға медициналық қызметтердіңқолжетімділігін арттыу үшін медициналық ұйымдарды ірілендіру мәселесі шешілуде. Сонымен қатар, көптеген елді мекендер Сайраморталық аудандық ауруханасында барлық консультативтік-диагностикалық көмекті алып отыр. Медициналық ұйымды ауданаралық деңгейгедайындауда әрі барлық қажетті жабдықтармен жабдықталып жатыр.

Кездесу барысында ол бірқатар проблеманыайтып, оңалту және жедел жәрдем тарифтерін қайта қарауды, аз инвазивті операциядан кейін асқынуларды болдырмау үшін дәрігерлердің бақылауында біраз уақыт қалуы үшін аудандардағы пациенттер үшін бір күндік хирургия тарифін әзірлеуді сұрады.

Жедел жәрдем бойынша тарифтердің төмендігіайтылып қана қоймай, нақты шешімдер айтылды.Жедел жәрдем станциясына қайтар жолға шығындарды үнемдеу мақсатында желілік бригадалар енді постқа оралмайды.

Қызмет  көрсеткеннен кейін, олар соңғы мекенжайда қалып, келесі қоңырауды күтеді. Бұдан бөлек, жедел медициналық көмек бригадаларыноблыстың барлық аудандарына беру және бөлу жоспарлануда. Бұл ретте орталық станцияға бас консультативтік орталықтың функциялары берілетін болады.

Асхан Байдуәлиев қаржыландыру мәселесін де тілге тиек етті. Түркістан ауруханалары аймақ тұрғындарына ғана емес, Шымкент қаласының азаматтарына да медициналық көмек көрсетеді.

«Қаржы тапшылығына байланысты пациенттерді кезекке қоюымызға тура келеді. Бұл көпшілік арасында түсінбеушілік тудырады. Қосымша қаржыландыруды және Қордың Шымкент филиалымен шарттарды қоса атқаруға рұқсат беруді сұраймыз», — деді Қор басшысымен әңгіме барысында Асхан Байдуәлиев. Басқарма төрағасы бұл сұрақты назарға алатынын айтты.

Тағы бір мәселе – Түркістан облысының 24 мемлекеттік медициналық ұйымындағы 4,9 млрд теңге көлемінде жинақталған кредиторлық берешегі. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бұл берешек жұмыс сапасына әсер етеді. Мәслихаттың ұйғарымымен жергілікті бюджеттен медициналық ұйымдарға көмек ретінде 252 млн теңге бөлінді. Сәбит Ахметов Қор тарапынан 8,3 млрд теңге бөлінгенін айтты. Сонымен қатар, ол ӘМСҚ міндетіне жекелеген медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі бойынша мәселелерді қадағалау және шешу кірмейтінін атап өтті. Тапсырыс беруші ретінде негізгі міндетіемделген жағдайлар үшін төлем жасайды. Медициналық ұйымдар орындаушы болып табылады және жасасқан шарт аясында өз міндеттемелерін орындауы тиіс. Осы ретте Қор басшысы кредиторлық берешек бойынша мәселелер Денсаулық сақтау министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен шешілетінін айтты.

Автор: admin