• 18 октября, 2024 4:22 пп

Күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны

Автор:admin

Окт 1, 2024

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне мерзімді әскери қызметке шақырылатын жас сарбаздарды қабылдау бойынша күзгі шақырту науқаны басталғанын хабарлайды. Ағымдағы жылдың күз мезгілінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 300-ден астам жас сарбаздарды шақырады, оның ішінде 20 сарбаз Шымкент қаласынан Қарағанды облысындағы 52859 әскери бөліміне шақырылады. Сапалы толықтыру мақсатында, Шымкент қаласы ТЖД әскери қызметкерлері аумақтық Қорғаныс істері басқармасында есепте тұрған әскерге шақырылушылардың жеке істерін зерттеуді бастады. Зерттеу барысында әскерге шақырылушының денсаулығына, оның моральдық-психологиялық жағдайына, мерзімді қызметке деген көзқарасына, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған фактілердің бар-жоғына ерекше назар аударылады. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде қызмет еткен сарбаздарға азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестсіз, сұхбат нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған. Еске салайық, әскери қызмет әрбір жас адамның міндеті болып табылады, оны өтуден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейді.» ҚР ТЖМ әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызметті өтегісі келетіндер Шымкент қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 151/1 мекенжайында орналасқан Төтенше жағдайлар департаментіне келуіне немесе Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері аға лейтенант Есалиев Уалихан Дарынбекұымен 8-700-200-20-24 нөмірі арқылы байланысуына болады. Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мемлекеттік жүйесінің он жылдан астам қызмет істеуі кезеңінде елімізде түбегейлі әлеуметтік-саяси өзгерістер болды. Экономикалық дамудың нарықтық үлгісіне көшу, мемлекеттік басқару жүйесінің терең реформасы, халықаралық терроризм тарапынан жаңа қауіптер мен төнген қатерлердің пайда болуы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс жүйесінің рөлі мен орнын жан-жақты қайта қарауды қажет етеді. Апаттарға қарсы тұрудың ұзақ мерзімді перспективаға арналған жаңа идеологиясын құру және іске асыру, азаматтық қорғаныстың мүлдем өзгеше тұжырымдамасын жасау, мемлекеттік материалдық резерв жүйесін уақыттың өскен талабына сәйкес тендіру қажеттілігі туындады. Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы қызметті одан әрі дамыту, мемлекеттік материалдық резервтің жұмыс істеуі, осы салалардағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру.

Jsk.kz ақпараттық агенттігі

Автор: admin