• 29 ноября, 2024 8:27 дп

Көлік құралдарына салынатын салықты білесіз бе?

Автор:admin

Авг 10, 2024

Егер Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы. Егер Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады. Егер Салық кодексінде өзгеше белгiленбесе, көлік құралдары салығын төлеушілерге төмендегілер жатады: 1) бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысына және (немесе) оның мүшелерiне жалпы меншiк құқығында, меншiк құқығында тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын мынадай көлiк құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушiлер:- двигателiнiң көлемi 2500 текше сантиметрге дейiнгiнi қоса алғанда, бір жеңiл автомобиль; — 1:1 қатынасты сақтай отырып двигателiнiң шектi жиынтық қуаты 1000 гектар егiстiкке (шабындықтарға, жайылымдарға) 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдерi. — Бұл ретте,егер есептеу қорытындылары бойынша көлiк  құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшектi мәнiмен біреуден көп бірлiктi құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бірлiкке дейiн дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды. — Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерiнiң саны бір бірлiктен аз болған жағдайда, двигателiнiң қуаты барынша аз бір жүк автомобилi босатылуға жатқызылады. 2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, сондай-ақ бірыңғай жер салығын төлеуші болып табылатын шаруа немесе фермерлік қожалық басшысы және (немесе) оның мүшелерi: — сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар; — ветеринария қызметінің автомобильдері, — автозообиологиялық зертханалар, — автожемтасығыштар;

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin