• 24 ноября, 2024 3:02 дп

Мемлекетсіздендіру – экономиканы жекешелендіру саласының тетігі

Автор:admin

Авг 27, 2024

Экономиканы мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері экономика субъектілеріне тікелей ықпал етеді. Олар қосымша материалдық ынталандырма құрумен немесе қаржылай залал қаупімен байланысты емес және мемлекеттік билік органдарының өкімдерін міндетті түрде орындауға негізделеді, сондықтан олардың кейбіреуі өкімдік немесе әкімшіліктік деп аталады. Мемлекеттік жанама реттеу әдістері негізінен нарықтық шаруашылықтың тауарлы-ақша тұтқасына сүйенеді және шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық мүдделеріне ықпал етеді. Осы әдістер көбінесе экономикалық әдістер деп аталады. Жанама әдістердің осы анықтамасы тікелей әдістер экономикалык тиімділіктің өсуіне қатысты міндеттерді шешетін болса, онда олардың экономикалық маңызының болуын жоққа шығармайды. Сондықтан тікелей және жанама әдістерді қарама-қарсы қою қажет емес, сонымен бірге жанама әдістердің салық ставкасын белгілеу, патент және т.б. сияқты әкімшілік нысаны болатынын ескеру керек. Тікелей мемлекеттік реттеудің аса маңызды әдістері мен құралдарына мемлекеттік қажеттілік үшін өнім (тауар, жұмыс және қызмет) жеткізуге арналған келісімшарт жатады. Аталмыш келісімшарт көп жағдайда мемлекеттік тапсырыс деп аталады. Іс жүзінде бұл келісімшарт — мемлекеттік тапсырысшы мен жеткізушінің арасында жасалатын өнім (тауар, жұмыс және қызмет) жеткізу шарты. Шартта мемлекеттік тапсырысшы мен жеткізушінің құқықтары мен міндеттері анықталады, сондай-ақ олардың өзара қарым-қатынастары реттеледі. Шартта мемлекеттік тапсырысшының мемлекеттік келісімшарттың орындалуы жөніндегі жұмыстардың барысын бақылау, жеткізушінің жедел-шаруашылық қызметіне араласпай жеткізушіге консультативтік және өзге де көмек көрсету көзделуі мүмкін. Мемлекеттік келісімшарт бойынша жеткізілетін өнімнің мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сәйкес келуі, ал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті түрде сертификатталуы тиіс өнімнің сертификаты мен сәйкестік белгісі болуы тиіс. Мемлекеттік келісімшартты орындауға арналған ресурстар, әдетте, келісімшартта мемлекеттік тапсырысшы болып табылатын билік органдарын бюджеттік қаржыландыру ауқымында қарастырылады. Республикалық мемлекеттік қажеттілік — бұл Қазақстан Республикасының еліміздің тыныс тіршілігінің, қорғанысы мен қауіпсіздігінің мәселелерін шешуге және республикалық мақсатты бағдарламалар мен өзі қатысатын мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды іске асыру үшін қажет өнімге қажеттілігі. Республикалық мемлекеттік мұқтаждық үшін өнім жеткізу мемлекеттік бюджет туралы республикалық заңда жоспарланып, бекітілетін және осы осы мақсатта бюджеттен тыс көздерден тартылатын республикалық бюджет қаражатының есебінен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы субъектілерінің өңірлердің тыныс-тіршілігінің мәселелерін шешу және өңірлік мақсатты бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті өнімге қажеттілігін Қазақстан Республикасы субъектілерінің мемлекеттік билік органдары анықтайды. Өңірлік мұқтаждық үшін өнім жеткізу Қазақстан Республикасы субъектілерінің бюджеттері мен бюджеттен тыс көздердің қаражатының есебінен қамтамасыз етіледі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin