• 21 сентября, 2024 5:18 дп

Мемлекеттік сатып алу: Жүйеге қандай өзгеріс енді?

Автор:admin

Июн 15, 2024

Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесі қолжетімділігі және ашықтығы тұрғысынан әлем бойынша 109 елдің ішінде 3-орында екен. Мұны Дүниежүзілік банктің арнайы зерттеуі растайды. Отандық мемлекеттік сатып алу порталында 100 мыңнан аса өнім беруші және 24 мыңнан аса тапсырыс беруші тіркелген. Саарапшылардың айтуынша, біздегі мемлекеттік сатып алудың барлық үдерісі автоматтандырылған. Өткен жылдардың қорытындысы бойынша электрондық веб-портал арқылы жүргізілген сатып алу көлемі 5,9 трлн теңгеге жетіпті. Былтыр рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс және негіздемелік келісімдерді пайдаланылатын конкурс түрінде мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсілдері енгізілген. «Осы күнге дейін осы рейтингтік-балдық жүйе арқылы жалпы сомасы 225 млрд теңгеге 899 шарт жасалды. Бұл тәсіл конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуынсыз сатып алу жеңімпазын автоматты түрде анықтайды. Сонымен қатар сатып алуды онлайн режімде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық дүкен енгізілді. Ол арқылы былтыр 43 млрд теңегеге 185 мың сатып алу өткізілді. Рәсімдерді оңайлату мақсатында негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі іске қосылды. Бұл тәсіл сатып алу процедураларын 2 айдан 30 күнге дейін қысқартты. Биылдан бастап сапалы тауарларды сатып алу мақсатында өмірлік циклдің құнын пайдалана отырып, конкурстың жаңа тәсілі енгізілді, мұнда өнім берушіні таңдау сатып алу бағасы негізінде емес, тауардың бүкіл қызмет ету мерзімінің құны негізінде жүзеге асырылады» «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңынан бір көзден сатып алудың 7 негіздемесі алынып тасталған және 8 негіздемесі қайта қаралған. «Заңды бәсекелес тәсілмен жүзеге асыру туралы талап енгізілді. Сондай-ақ тапсырыс берушінің бірінші басшысының бір көзден сатып алуды негізсіз қолданғаны үшін дербес жауапкершілігі көзделді. Осылайша, бір көзден сатып алудың көлемі 38%-дан 25%-ға дейін қысқарды. Бұл ретте тапсырыс берушінің мұқтаждығын жедел өтеуге мүмкіндік беретін тек аса маңызды негіздер сақталған. Мысалы, табиғи монополия қызметтері, ТЖ кезіндегі сатып алулар, ведомстволық бағынысты ұйымдардан сатып алу сияқты негіздемелер қалдырылды»

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin