• 25 декабря, 2024 6:13 дп

Мемлекеттік сатып алудағы жаңашылдық!

Автор:admin

Июн 16, 2024

Мемлекеттiк сатып алу – мемлекеттік бюджеттiң құрал-жабдықтары, жергiлiктi бюджеттер және бюджеттен тыс көдерден қаржыландырылатын тауар жеткiзiлiмiнi, жұмыс жасау, қызмет көрсетуге тапсырыс.   Мемлекеттік сатып алу жүйесі – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің және олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру процесінде біртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы. Мемлекеттiк сатып алулар жүйесі мемлекеттiң бизнесті реттеудің мүмкiндiгi. Мемлекеттік сатып алулар мемлекет үшін мемлекеттiк мұқтаждықтардың қанағаттандыруының өте қолайлы әдiсi,ал жеткізушілер үшін жаңа тапсырыс алу және өзін жарнамалау әдісі.   Мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.  Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері – мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені. Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызмет – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер номенклатурасын жоспарлау, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау, Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер көрсету, мемлекеттік сатып алу жүйелерінің субъектілеріне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету; Мемлекеттік сатып алу туралы шарт –  Мемлекеттік сатып алу туралы заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin