• 24 ноября, 2024 2:56 дп

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Фев 1, 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Бұл тұста, мемлекеттік органдар жұмысының деңгейін арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтере отырып, бизнес пен халыққа жеңілдетілген және жедел қызмет ұсыну – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы, олардың процедураларын жетілдіру мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Бұл бағытта, Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобы мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы мәселелерді қарау бойынша қоғам белсенділерімен бірлесіп қоғамдық бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Бұл жолы, жұмыс тобы қоғамдық бақылауды Шымкент қаласы әкімдігінің Қаратау және Еңбекші аудандарындағы Халықты жұмыспен қамту орталықтарында жүргізді.
Орталық тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы және т.б. мәселелері бойынша мониторинг жүргізілді.
Мониторингтік топтың мүшелері қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне мұқият қарауды және жұмыс орындарында қызметкерлер мен қызмет алушылардың медициналық бетпердемен, санитарлық-дезинфекциялық режимін қатаң сақтау қажеттілігін жеткізді.
Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер білдірілді. Ол, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін шақыру түймесін оңтайландыру және қызмет алушылар үшін электрондық кезекті тиісті деңгейде ұйымдастыру.
Жұмыс тобының мүшелері тарапынан алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin