• 18 декабря, 2024 6:16 дп

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі.

Автор:admin

Дек 17, 2024

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі ол адал ниеттілік – қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау, кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу. Ашықтық – жұртшылықпен жұмыс істеу, сыпайылық – азаматтар мен әріптестерге дұрыс құрметпен қарау.

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар: қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, өтірік мәліметтерді таратпау, мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік фактілеріне жол бермеу, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану.

Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға, ресмилікпен, ұстамдылықпен, ұқыптылықпен ықпал етуге тиіс. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен,  ұжымда іскерлік және өзара жанашыр қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге, әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға тиіс.

Мемлекеттік қызметші өзіне мемлекеттің міндеттері мен функцияларын адал жүзеге асыруға ант берген, тұлға болып табылады.

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

         бас маманы Д. Сейтаев

Автор: admin